О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Зайсан от 15 мая 2020 года № 1 "Об установлении ограничительных мероприятий в микрорайоне "Заречный" Зайсанского городского округа"

Решение акима города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 7 октября 2020 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 октября 2020 года № 7636

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зайсанского района от 01 сентября 2020 года № 599 аким города Зайсан РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия в микрорайоне "Заречный" Зайсанского городского округа в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решения акима города Зайсан Зайсанского района от 15 мая 2020 года № 1 "Об установлении ограничительных мероприятий в микрорайоне "Заречный" Зайсанского городского округа" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7098 от 02 мая 2020 года, опубликовано 23 июня 2020 года в газетах "Достық", и в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 22 мая 2020 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима города Зайсан" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Зайсанского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Зайсанского района после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Зайсан А. Дутбаев

Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Зайсан қала округінің "Заречный" мөлтек ауданына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Зайсан қала әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 7636 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 01 қыркүйектегі № 599 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округінің "Заречный" мөлтек ауданына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 1 "Зайсан қала округінің "Заречный" мөлтек ауданына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 02 мамырдағы № 7098 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 мамырдағы "Достық" газетінде жарияланған және 2020 жылдың 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зайсан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан қаласының әкімі А. Дутбаев