О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 719 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 799 "Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере контроля за производством отдельных видов нефтепродуктов"

Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 февраля 2021 года № 40 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 февраля 2021 года № 15. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 февраля 2021 года № 22180

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 14 декабря 2015 года № 719 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 799 "Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере контроля за производством отдельных видов нефтепродуктов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12674, опубликован 27 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в приложении 1 к Критериям оценки степени риска в сфере контроля за производством отдельных видов нефтепродуктов, утвержденным указанным совместным приказом:

      строку, порядковый номер 17, исключить;

      в приложении 2 к указанному совместному приказу:

      строку, порядковый номер 13, исключить.

      2. Департаменту государственного контроля в сферах углеводородов и недропользования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
__________
А. Иргалиев
      Министр энергетики
Республики Казахстан
__________
Н. Ногаев

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет по правовой статистике
и специальным учетам
Генеральной прокуратуры
Республики Казахстан

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 15 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 22180 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12674 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшасында:

      реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті