О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов»

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 марта 2021 года № 233. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 марта 2021 года № 22385

:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14613, опубликован 17 января 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:
      в Правилах составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, утвержденных указанным приказом:
      часть четвертую пункта 88-1 изложить в следующей редакции:
      «Отчет об исполнении бюджетных программ развития, направленных на реализацию инвестиционных проектов, подписывается руководителем аппарата центрального исполнительного органа (должностное лицо, на которого в установленном порядке возложены полномочия руководителя аппарата центрального исполнительного органа) или руководителем государственного учреждения, с расшифровкой подписи (фамилия и инициалы).».
      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;
      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Министр финансов
|Республики Казахстан        Е. Жамаубаев
      «СОГЛAСОВAН»
Бюро национальной статистики
Aгентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

"Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда № 22385 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде № 14613 болып жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында:

      88-1 тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларын атқару туралы есепке орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға) немесе мемлекеттік мекеменің басшысы қол қояды, қойылған қолдар таратылып (тегі және аты-жөні) жазылған болуы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы