Приказ Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан от 15 марта 2021 года № 10-4-10. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 марта 2021 года № 22406
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 10-4-10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 наурызда № 22406 болып тіркелді
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 25-1-21 бұйрығының (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8543 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің интернет-порталда орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекетік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөліміне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы |
Г. Койшыбаев |