О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 5 апреля 2021 года № 259. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 апреля 2021 года № 22502

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20771, опубликован 4 июня 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде), следующее изменение:

      В правилах оказания государственной услуги "Государственная перерегистрация юридических лиц, учетная перерегистрация их филиалов и представительств":

      пункт 8 приложения 5 изложить в следующей редакции:

      "

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

1) в Государственную корпорацию:
заявление по форме, согласно приложениям 1, 2, 3 и 4 к настоящим Правилам (далее – заявление).
Юридическое лицо, в доле которого участвует государство, представляет заявление с отметкой реестродержателя;
решение либо выписка из решения уполномоченного органа юридического лица о государственной (учетной) перерегистрации, предусматривающие внесение изменений и дополнений в учредительные документы юридического лица, положение о филиале (представительстве), скрепленные печатью юридического лица, за исключением подачи электронного заявления. В случае, если юридическое лицо является субъектом частного предпринимательства, скрепление документов печатью не требуется;
два экземпляра учредительных документов с внесенными изменениями и дополнениями либо текст внесенных изменений и дополнений в учредительные документы юридического лица, не относящегося к субъекту частного предпринимательства, филиала (представительства);
нотариально удостоверенный устав (положение) с внесенными изменениями и дополнениями либо текст внесенных изменений и дополнений в устав акционерного общества, положение о филиале (представительстве);
подлинники прежних учредительных документов юридического лица, не относящегося к субъекту частного предпринимательства, за исключением акционерных обществ, положений о филиалах (представительствах);
документ, подтверждающий уплату в бюджет регистрационного сбора за государственную перерегистрацию юридического лица, являющегося некоммерческой организацией, или учетную перерегистрацию его филиала (представительства);
документ, подтверждающий уплату в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" за государственную перерегистрацию юридического лица, являющегося коммерческой организацией, или учетную перерегистрацию его филиала (представительства).
Филиалы и представительства подлежат перерегистрации в случае изменения наименования.
2) на портале:
для государственной перерегистрации юридических лиц, относящихся к субъектам частного предпринимательства, учредителем (учредителями):
электронное заявление;
при уменьшении размера уставного капитала и оповещении в печатных изданиях сканированную копию вырезки о публикации;
сканированную копию квитанции /платежного поручения в случае, если услугополучатель не выбрал способ оплаты государственного сбора за оказание услуги посредством ПШЭП;
при изменении места нахождения:
в случае права собственности на объект недвижимости: электронное подтверждение от Государственной базы данных "Регистр недвижимости" (далее – ГБД РН) о зарегистрированном на бизнес-идентификационный номер услугополучателя праве собственности на первичный или вторичный объект недвижимости, расположенный по адресу, указанному услугополучателем, подписанное ЭЦП ГБД РН;
в случае аренды помещения у юридического лица: сканированная копия договора аренды. В случае аренды помещения у физического лица: сканированная копия нотариально засвидетельствованного согласия физического лица о предоставлении помещения в качестве места нахождения юридического лица;
в случае субаренды помещения: сканированные копии аренды и субаренды;
при включении в состав участников нерезидента Республики Казахстан сканированную копию легализованной выписки из торгового реестра или другой легализованный документ, удостоверяющий, что учредитель - иностранное юридическое лицо является юридическим лицом по законодательству иностранного государства, с нотариально засвидетельствованным переводом на казахском и русском языках;
при включении в состав участников иностранного лица сканированную копию паспорта или другой документ, удостоверяющий личность учредителя - иностранца, с нотариально засвидетельствованным переводом на казахском и русском языках, если руководитель введенный новый участник/учредитель является иностранным лицом;
при изменении состава участников акционерным обществом или хозяйствующим товариществом, у которого ведение реестра участников осуществляется центральным депозитарием, сканированную копию реестра участников, заверенную печатью регистратора.
Электронное заявление подписывается ЭЦП услугополучателя. В случае, если уполномоченное лицо услугополучателя не является его руководителем, то заявление согласовывается с руководителем. Для юридического лица за исключением хозяйственных товариществ, акционерных обществ и производственных кооперативов электронное заявление должно быть согласовано на ПЭП с его участниками. Для филиала (представительства) – руководителем его юридического лица.
Для государственной перерегистрации хозяйственных товариществ по основанию изменения состава участников, за исключением хозяйственных товариществ, в которых ведение реестра участников хозяйственного товарищества производится профессиональным участником рынка ценных бумаг, осуществляющим деятельность по ведению системы реестров держателей ценных бумаг, представляется договор отчуждения (уступки) права выбывающего участника хозяйственного товарищества на долю в имуществе (уставном капитале) товарищества или ее часть в соответствии с законами Республики Казахстан и учредительными документами.
Договор отчуждения (уступки) права выбывающего участника хозяйственного товарищества на долю в имуществе (уставном капитале) товарищества или ее часть, стороной которого является физическое лицо, подлежит нотариальному удостоверению.

      ".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа и опубликование приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице - министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 сәуірде № 22502 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 20771 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларында:

      5 - қосымшаның 8 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағиданың 1,2,3 және 4 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш).
Үлесінде мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады;
электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді;
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттарының екі данасы не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні);
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен нотариалды куәландырылған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, филиал (өкілдік) туралы ереже);
акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің түпнұсқалары);
коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат);
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
2) порталда:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу үшін):
электрондық өтініш;
жарғылық капиталдың мөлшері азайған кезде және баспа басылымдарында жарияланғаны туралы үзіндінің сканерленген көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы ЭҮТШ арқылы қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік алым төлеу тәсілін таңдамаған жағдайда, түбіртектің /төлем тапсырмасының сканерленген көшірмесі;
орналасқан жері өзгерген кезде:
жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы болған жағдайда: "жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөміріне тіркелген көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы немесе қайталама объектісіне меншік құқығы туралы, ЖМТ МДҚ ЭЦҚ қойылған электрондық растау;
заңды тұлғадан үй-жайды жалға алған жағдайда: жалға алу шартының сканерленген көшірмесі. Үй-жайды жеке тұлғадан жалға алған жағдайда: заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімінің сканерленген көшірмесі;
үй-жайды қосалқы жалға алған жағдайда: жалға алудың және қосалқы жалға алудың сканерленген көшірмелері;
Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушылардың құрамына сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты енгізген кезде, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге;
шетелдік тұлға қатысушыларының құрамына енгізілген кезде, егер басшы енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылса, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік құрылтайшы паспортының сканерленген көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат;
қатысушылардың тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын акционерлік қоғам немесе шаруашылық жүргізуші серіктестік қатысушылардың құрамын өзгерткен кезде тіркеушінің мөрімен расталған қатысушылар тізілімінің сканерленген көшірмесі.
Электрондық өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылады. Егер көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы оның басшысы болып табылмаса, онда өтініш басшымен келісіледі. Шаруашылық серіктестіктерді, Акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерді қоспағанда, заңды тұлға үшін электрондық өтініш ЭҮП-да оның қатысушыларымен келісілуі тиіс. Филиал (өкілдік) үшін-оның заңды тұлғасының басшысымен.
Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарға сәйкес ұсынылады.
Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартын нотариат куәландыруға тиіс.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі