О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 1192 "Об утверждении правил предоставления статистической и иной отчетной информации в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 313. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2021 года № 22603

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 1192 "Об утверждении правил предоставления статистической и иной отчетной информации в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество" (далее – Приказ) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17348) следующее изменение:

      в Правилах предоставления статистической и иной отчетной информации в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество, утвержденных приказом:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Департаментами юстиции ежеквартально, с нарастающим итогом к 5 числу месяца следующего за отчетным периодом, в электронном виде в Министерство юстиции предоставляется отчет о поступивших жалобах физических и юридических лиц по форме отчета о поступивших жалобах физических и юридических лиц.".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 22603 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларына:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әділет департаменттері тоқсан сайын өсу қорытындысымен келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай Әділет министрлігіне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым арыздар туралы есеп нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым арыздар туралы есепті электронды түрде ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық

      жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы