Об утверждении Методики формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 апреля 2021 года № 414. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 апреля 2021 года № 22669

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 5 статьи 452 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Методику формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 апреля 2021 года № 414

Методика формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров (далее – Методика) разработана в целях определения порядка формирования ценовой информации с использованием базы данных электронных копий деклараций на товары и еҰ применения территориальными органами государственных доходов при осуществлении контроля таможенной стоимости ввозимых товаров.

      2. Ценовая информация используется при расчете размера суммы обеспечения уплаты таможенных платежей и налогов, а также при корректировке таможенной стоимости товаров.

      3. Ценовая информация не является конфиденциальной информацией и публикуется 1 (один) раз в месяц на официальном сайте Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по мере обновления индикаторов риска.

Глава 2. Порядок формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров

      4. Ценовая информация формируется на основе анализа базы данных электронных копий деклараций на товары (далее – ДТ) Республики Казахстан и базы данных электронных копий ДТ, направляемых в рамках информационного обмена между государствами-членами Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС).

      5. При формировании ценовой информации используются следующие сведения:

      1) таможенная процедура выпуск для внутреннего потребления;

      2) десятизначный код товара в соответствии с Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС);

      3) страна происхождения;

      4) объем ввоза товара;

      5) дата ввоза товара;

      6) значение таможенной стоимости товара за 1 (один) килограмм или за 1 (одну) дополнительную единицу в долларах Соединенных Штатов Америки (далее – США), используемое в качестве индикатора для отбора товаров риска (далее – стоимостной индикатор риска);

      7) метод определения таможенной стоимости – метод по стоимости сделки с ввозимыми товарами (метод 1) в соответствии со статьей 66 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан";

      8) модель, марка (при наличии);

      9) товарный знак (при наличии);

      10) сезонность (по товарным группам 07 (овощи) – 08 (фрукты) ТН ВЭД ЕАЭС);

      11) вид транспорта на границе.

      6. Сформированная ценовая информация содержит:

      1) десятизначный код товара в соответствии с ТН ВЭД ЕАЭС;

      2) страну происхождения;

      3) описание товара;

      4) значение таможенной стоимости товара в долларах США за 1 (один) килограмм или за 1 (одну) дополнительную единицу измерения (далее – индекс таможенной стоимости);

      5) источник информации.

      Сформированная ценовая информация не отображает сведения, получаемые из баз данных электронных копий ДТ, направляемых в рамках информационного обмена между государствами-членами ЕАЭС.

      7. Для формирования ценовой информации, используемой при контроле таможенной стоимости товаров, из базы данных электронных копий ДТ выбираются ДТ, ввезенные в период не ранее чем 12 (двенадцать) месяцев до даты формирования ценовой информации.

      Из полученного массива выбираются ДТ в разрезе кодов ТН ВЭД ЕАЭС и стран происхождения, по которым установлены стоимостные индикаторы риска.

      8. В случае если массив содержит сведения о нескольких сделках в разрезе кодов ТН ВЭД ЕАЭС и стран происхождения отбираются сделки с самым низким значением индекса таможенной стоимости, превышающим значение стоимостного индикатора риска не более чем на 20 %.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 22669 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 452-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын баға ақпаратын қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындлуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 414 Бұйрыққа
қосымша

Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) тауарларға арналған декларациялардың электронды көшірмелерінің деректер базасын пайдалана отырып бағалық ақпаратты қалыптастырудың тәртібін айқындау және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру кезінде оны аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қолдануы мақсатында әзірленді.

      2. Бағалық ақпарат кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу кезінде, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнын түзету кезінде пайдаланылады.

      3. Бағалық ақпарат құпия ақпарат болып табылмайды және тәуекел индикаторларының жаңартылуына қарай айына 1 (бір) рет Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында жарияланады.

2-тарау. Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру тәртібі

      4. Бағалық ақпарат Қазақстан Республикасының тауарларға арналған декларация (бұдан әрі – ТД) электронды көшірмелерінің деректер базасын және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасу шеңберінде жолданатын ТД электрондық көшірмелерінің деректер базасын талдау негізінде қалыптастырылады.

      5. Бағалық ақпаратты қалыптастыру кезінде мынадай мәліметтер:

      1) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтық Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың он таңбалы коды;

      3) шығарылған елі;

      4) тауарды әкелу көлемі;

      5) тауарды әкелу күні;

      6) тәуекел тауарларды іріктеу индикаторы ретінде пайдаланылатын 1 (бір) килограмм немесе 1 (бір) қосымша бірлігі үшін Америка Құрама Штаты (бұдан әрі – АҚШ) долларындағы тауарлардың кедендік құнының мәні (бұдан әрі – тәуекелдің құндық индикаторы);

      7) кедендік құнды айқындау әдісі – "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 66-бабына сәйкес әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс);

      8) моделі, маркасы (болған кезде);

      9) тауар белгісі (болған кезде);

      10) маусымдылығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 07 (көкөністер) – 08 (жемістер) тауар топтары бойынша);

      11) шекарадағы көлік түрі пайдаланылады.

      6. Қалыптастырылған бағалық ақпарат:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың он таңбалы кодын;

      2) шығарылған елін;

      3) тауардың сипаттамасын;

      4) 1 (бір) килограмм немесе 1 (бір) қосымша бірлігі үшін Америка Құрама Штаты (бұдан әрі – АҚШ) долларындағы тауардың кедендік құнының мәнін (бұдан әрі – кедендік құн индексі);

      5) ақпарат көзін қамтиды.

      Қалыптастырылған бағалық ақпарат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасу шеңберінде жолданатын ТД электрондық көшірмелерінің деректер базасынан алынатын мәліметтерді көрсетпейді.

      7. Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру үшін ТД электрондық көшірмелерінің деректер базасынан бағалық ақпаратты қалыптастырған күнге дейінгі 12 (он екі) айдан ерте емес кезеңде әкелінген ТД таңдалады.

      Алынған массивтен ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және олар бойынша тәуекелдің құндық индикаторлары белгіленген шығарылған елдер бөлігіндегі ТД таңдалады.

      8. Егер массив ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және шығарылған елдері бөлігінде бірнеше мәмілелер туралы мәліметтерді қамтыған жағдайда, тәуекелдің құндық индикаторының мәнінен 20 % аспайтын кедендік құн индексінің ең төменгі мәні бар мәмілелер іріктеледі.