О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 "Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июня 2021 года № 283. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июня 2021 года № 23058

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 "Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13409) следующие изменение и дополнение:

      в требованиях к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Научные издания, индексируемые в Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) компании Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс), а также зарубежные научные издания, индексируемые в Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) и Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) компании Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) или в базе данных Scopus (Скопус), включаются в Перечень изданий автоматически без применения норм пункта 2 настоящих Требований.

      Отечественные научные издания, индексируемые в Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) и Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) компании Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) или в базе данных Scopus (Скопус), включаются в Перечень изданий при соответствии нормам подпунктов 3) и 9) пункта 2 настоящих Требований.";

      дополнить пунктом 5 следующего содержания:

      "5. Научное издание, соответствующее требованиям пунктов 2 и 4 настоящих Требований, включается в Перечень изданий при наличии ходатайства от организации. К ходатайству прилагаются номера научного издания за последние 12 (двенадцать) месяцев, документы и сведения, подтверждающие соответствие требованиям пунктов 2 и 4 настоящих Требований.

      Ходатайство о включении в Перечень изданий рассматривается Комитетом в течение 2 (двух) месяцев со дня регистрации в Комитете.

      Для проверки соответствия научного издания требованиям пункта 2 настоящих Требований по согласованию с Комитетом по обеспечению качества сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее - Комитет) предоставляется доступ к онлайн системе подачи и рецензирования статей.

      Решение Комитета о включении научного издания в Перечень изданий размещается на интернет-ресурсе Комитета в течение 2 (двух) рабочих дней со дня принятия решения.

      Каждые 3 (три) года после включения научного издания в Перечень изданий либо в случае выявления фактов нарушения требований пунктов 2 и (или) 4 настоящих Требований, научное издание проверяется Комитетом на соответствие настоящим Требованиям. При несоответствии Требованиям Комитет принимает решение об исключении научного издания из Перечня изданий.".

      2. Комитету по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Кобенова Г.И.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство информации и
общественного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

"Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23058 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) базаларында индекстелінетін ғылыми басылымдар, сондай-ақ Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) базасында немесе Scopus (Скопус) базасында индекстелінетін шетелдік ғылыми басылымдар Басылымдар тізбесіне осы Талаптардың 2-тармағындағы нормалар қолданылмай автоматты түрде енгізіледі.

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) базаларында немесе Scopus (Скопус) деректер базасында индекстелінетін отандық ғылыми басылымдар Басылымдар тізбесіне осы Талаптардың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларындағы нормаларға сәйкес болғанда енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы Талаптардың 2 және 4-тармақтарына сәйкес келетін ғылыми басылым Басылымдар тізбесіне ұйымнан қолдаухат болған жағдайда енгізіледі. Қолдаухатқа осы Талаптардың 2 және 4-тармақтарына сәйкестігін растайтын ғылыми басылымның соңғы 12 (он екі) айда шыққан нөмірлері, құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.

      Басылымдар тізбесіне қосу туралы қолдаухат Комитетте тіркелген күнінен бастап Комитет 2 (екі) ай ішінде қарайды.

      Осы Талаптардың 2-тармағына сәйкес келуін тексеру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетімен (бұдан әрі - Комитет) келісу негізінде мақалаларды беру мен рецензиялаудың онлайн жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.

      Комитеттің ғылыми басылымды Басылымдар тізбесіне енгізу туралы шешімі Комитеттің интернет-ресурсында шешім қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      Басылымдар тізбесіне енгізілгеннен кейін әр 3 (үш) жыл сайын не осы Талаптардың 2 немесе 4-тармақтарының бұзылу фактілері анықталған жағдайда ғылыми басылымды Комитет осы Талаптардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкестігіне тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Комитет ғылыми басылымды Басылымдар тізбесінен шығару туралы шешім қабылдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г.І. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      Комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі