О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 "Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов, и паводковой электрической энергии, порядка перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 31 июля 2021 года № 252. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 августа 2021 года № 23828

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 "Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов, и паводковой электрической энергии, порядка перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №10662) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктами 5-3) и 10) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О поддержке использования возобновляемых источников энергии" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, объектами по энергетической утилизации отходов, и паводковой электрической энергии, порядка перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 16-2 следующего содержания:

      "16-2. Срок, указанный в части первой подпункта 2) пункта 16 настоящих Правил, продлевается на срок, не превышающий 1 (один) календарный год согласно обращению Заявителя (в произвольной форме) с приложением подтверждения, свидетельствующего обстоятельства непреодолимой силы в соответствии с подпунктом 13) статьи 14 Закона Республики Казахстан "О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан", направленному в расчетно-финансовый центр, но не позднее срока предоставления копии акта приемки в эксплуатацию объекта по использованию ВИЭ. Продление срока оформляется дополнительным соглашением к договору с учетом применения действия пункта 21-1 настоящих Правил.";

      пункт 21-1 изложить в следующей редакции:

      "21-1. В случае продления срока, предусмотренного частью первой подпункта 2) пункта 16 настоящих Правил, отсчет пятнадцатилетнего срока покупки начинается со дня, следующего за днем истечения срока предоставления документов, предусмотренного частью первой подпункта 2) пункта 16 настоящих Правил без учета продления согласно части второй подпункта 2) пункта 16 и (или) пункта 16-2 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 101-2 следующего содержания:

      "101-2. В случае, предусмотренном пунктом 106-2 настоящих Правил, порядок удержания финансового обеспечения исполнения условий договора покупки, предусмотренный пунктом 101 настоящих Правил, осуществляется с учетом продления сроков, указанных в пункте 106-2 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 106-2 следующего содержания:

      "106-2. Срок, указанный в части первой подпункта 2) пункта 106 настоящих Правил, продлевается на срок, не превышающий 1 (один) календарный год согласно обращению Заявителя (в произвольной форме) с приложением подтверждения, свидетельствующего обстоятельства непреодолимой силы в соответствии с подпунктом 13) статьи 14 Закона Республики Казахстан "О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан", направленному в расчетно-финансовый центр, но не позднее срока предоставления копии акта приемки в эксплуатацию объекта по использованию ВИЭ, при условии продления срока действия финансового обеспечения исполнения условий договора покупки. Продление срока оформляется дополнительным соглашением к договору покупки с учетом применения действия пункта 107-1 настоящих Правил.";

      пункт 107-1 изложить в следующей редакции:

      "107-1. В случае, продления срока, предусмотренного частью первой подпункта 2) пункта 106 настоящих Правил, отсчет пятнадцатилетнего срока покупки начинается со дня, следующего за днем истечения срока предоставления документов, предусмотренного частью первой подпункта 2) пункта 106 настоящих Правил без учета продления согласно части второй подпункта 2) пункта 106 и (или) пункта 106-2 настоящих Правил.".

      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 августа 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      И.о. Министра М. Журебеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство
национальной экономики
Республики Казахстан

"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 31 шiлдедегi № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23828 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.08.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларында, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібінде:

      мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:

      "16-2. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 21-1-тармағының қолданылуын ескере отырып, шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.";

      21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 16-2-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмағанда, осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.";

      мынадай мазмұндағы 101-2-тармақпен толықтырылсын:

      "101-2. Осы Қағидалардың 106-2-тармағында көзделген жағдайда осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзартуды ескере отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 106-2-тармақпен толықтырылсын:

      "106-2. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, 2021 жылғы 1 тамызға дейін жасалған қолданыстағы сатып алу шарты бар өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 107-1-тармағының қолданылуын ескере отырып, сатып алу шартына қосымша келісіммен ресімделеді.";

      107-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-1. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 106-2-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмағанда, осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министрдің м.а. М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі