О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 "Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 августа 2021 года № 73. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 сентября 2021 года № 24225

      В соответствии с подпунктом 74) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 "Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7996) следующие изменения:

      в Правилах назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Занятие вакантной должности служащего Национального Банка осуществляется гражданами Республики Казахстан и иностранцами путем:

      1) внеконкурсного занятия;

      2) конкурса.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Занятие должности служащего Национального Банка осуществляется после прохождения обязательной специальной проверки и представления в налоговый орган по месту жительства декларации по форме, предусмотренной Налоговым кодексом Республики Казахстан, и сведений, указанных в Законе Республики Казахстан "О противодействии коррупции".";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Лица, желающие принять участие в конкурсе, представляют на бумажном носителе и (или) в электронно-цифровой форме в кадровую службу следующие документы:

      1) резюме с фото (с указанием адреса фактического места жительства и телефонов, в том числе контактных, сведений об образовании, опыта работы);

      2) заявление по форме согласно приложению 2 к Правилам;

      3) заполненную анкету по форме согласно приложению 3 к Правилам;

      4) копии документов об образовании, засвидетельствованные нотариально.

      При получении образования в иностранных государствах и международных или иностранных учебных заведениях (их филиалах) прилагается копия удостоверения о признании документа об образовании на территории Республики Казахстан;

      5) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность, нотариально засвидетельствованную или заверенную кадровой службой по месту работы (при отсутствии информации в Единой системе учета трудовых договоров);

      6) копию документа, удостоверяющего личность.".

      2. Департаменту развития человеческого капитала (Токбергенова Ш.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Касенов А.С.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Вагапова Д.В.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство Республики Казахстан
по делам государственной службы

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционная служба)

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 73 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қыркүйекте № 24225 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 74) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына:

      1) конкурстан тыс;

      2) конкурс арқылы орналасады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген нысан бойынша декларацияны және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәліметтерді тапсырған соң жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кадр қызметіне қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда мына құжаттарды:

      1) фотосуреті бар түйіндемені (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;

      4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

      Шет мемлекеттерді және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған кезде білімі жөніндегі құжатты Қазақстан Республикасының аумағында тану туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі;

      5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде ақпарат болмаған кезде);

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.".

      2. Адам капиталын дамыту департаменті (Ш.Т. Тоқбергенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігі