Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Байзакского района

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 23 декабря 2021 года № 20-7. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2021 года № 26108

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Байзакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Байзакского района согласно приложению к настояшему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Байзакского районного маслихата "О предостовлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" от 19 декабря 2019 года № 59-9 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4457).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Байзакского
      районного маслихата Б. Акбаев

  Утверждено решением
Байзакского районного
маслихата от 23 декабря 2021
года № 20-7

Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Байзакского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Байзакского района.

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдела занятости и социальных программ акимата Байзакского района".

2. Порядок и размер оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств, специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Байзакского района, без истребования заявлений от получателей, на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций, через отделения акционерного общества "Казпочта" или банки второго уровня.

      4. Социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах на территории Байзакского района.

      5. Социальная поддержка оказывается один раз в год за счет средств бюджета в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 20-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26108 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Байзақ аудандық мәслихатының "Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен отын сатып алу үшін көмек беру туралы" 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 59-9 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 4457 болып тіркелген) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Акбаев

  Байзақ аудандық мәслихатының
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 20-7 шешімімен бекітілген

Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, "Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелері немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Байзақ ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.