О предоставлении в 2021 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Т.Рыскулова

Решение маслихата района Т. Рыскулова Жамбылской области от 19 марта 2021 года № 3-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 марта 2021 года № 4924

      На основании Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении Республики Казахстан", Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Закона Республики Казахстан от 03 июля 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты, касающиеся вопросов государственной службы" и Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Т.Рыскуловский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2021 году меры социальной поддержки с учетом потребности, заявленной акимом района, специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Т.Рыскулова:

      1) подъемное пособие в сумме, равной 100-кратному месячному расчетному показателю;

      2) бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья на территории района, равной 1500-кратному месячному расчетному показателю.

      2. Определить (по согласованию) коммунальное государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата района Т.Рыскулова Жамбылской области" ответственным за реализацию данного решения.

      3. Контроль за исполнением решения и опубликование на официальном интернет ресурсе Т.Рыскуловского районного маслихата возложить на постоянную комиссию по экономике, финансам, бюджету и развитию местного самоуправления районного маслихата;

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
      района Турара Рыскулова С. Бисембаев
      Секретарь маслихата
      района Турара Рыскулова Е. Абуталипов

Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қолдау шараларын 2021 жылы ұсыну туралы

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 наурызда № 4924 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агрокәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, 2021 жылы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

      1) 100- есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы;

      2) аудан аумағында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1500- есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие.

      2. Осы шешімді іске асыруға жауапты "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын (келісім бойынша).

      3. Шешімнің орындалуына бақылау және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тұрар Рысқұлов аудандық
      мәслихаттың сессия төрағасы С. Бисембаев
      Тұрар Рысқұлов аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Абуталипов