Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бухар-Жырауского района

Решение Бухар-Жырауского районного маслихата Карагандинской области от 9 марта 2021 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 25 марта 2021 года № 6258.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Бухар-Жырауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной поддержки, установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бухар-Жырауского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 31 октября 2014 года №5 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актах за № 2819, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 4 декабря 2014 года, в районной газете "Бұқар жырау жаршысы" №47 от 29 ноября 2014 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Султангали
      Секретарь маслихата А. Әли

  Приложение к решению
Бухар-Жырауского
районного маслихата
от 9 марта 2021 года
№ 4

Правила оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бухар-Жырауского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее - социальная поддержка) специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бухар-Жырауского района.

      2. Назначение и выплата социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Бухар-Жырауского района".

Глава 2. Порядок и сроки оказания социальной поддержки

      3. Для получения социальной поддержки акиматы сел, поселков и сельских округов предоставляют списки работников здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающих и работающих в сельских населенных пунктах Бухар-Жырауского района с предоставлением следующих документов без истребования заявлений от получателей:

      1) копия документа, удостоверяющего личность (заверенного печатью акима села, поселка, сельского округа);

      2) справка с места работы (с указанием должности);

      3) документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.

      4. Основанием для отказа в оказании социальной поддержки является:

      1) предоставление неполного пакета документов согласно перечню, указанному в пункте 3 и (или) документов с истекшим сроком действия;

      2) недостоверность сведений или несоответствие документов.

      5. Специалисты государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, при совмещении должностей имеют право обратиться за социальной поддержкой по одной из занимаемой должностей.

      6. Срок обработки документов на оказание социальной поддержки с момента сдачи документов акиматами сел, поселков и сельских округов в уполномоченный орган - 15 календарных дней.

      Прием документов по спискам производится уполномоченным органом с сентября по декабрь текущего года.

      Результат оказания социальной поддержки – выплата, произведенная один раз в год согласно плана финансирования.

Глава 3. Установление размера оказания социальной поддержки

      7. Установить социальную поддержку на оплату коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бухар-Жырауского района в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей за счет средств бюджета.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения Бухар-Жырауского районного маслихата Карагандинской области от 29.09.2022 № 8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 6258 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазанындағы №5 "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2819 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсаныңда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылдың 29 қарашасында №47 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Султангали
      Мәслихат хатшысы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 9
наурыздағы
№ 4
шешіміне қосымша

Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті органмен – "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері

      3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарының тізімін, қызметті алушылардан өтініштерін сұратпай келесі құжаттарымен ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің мөрімен расталған);

      2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетіліп);

      3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      2) мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі.

      5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын бір лауазымы бойынша әлеуметтік қолдау алуға құқылы.

      6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 күнтізбелік күн.

      Уәкілетті орган ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.

      Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.

3-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету мөлшерін белгілеу

      7. Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 29.09.2022 № 8 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).