Об утверждении правил применения поощрений государственных служащих аппарата акима и местных исполнительных органов города Приозерск

Постановление акимата города Приозерск Карагандинской области от 16 марта 2021 года № 10/30. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 марта 2021 года № 6254

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", акимат города Приозерск, ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения поощрений государственных служащих аппарата акима и местных исполнительных органов города Приозерск.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Приозерск" и местным исполнительным органам города Приозерск принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Приозерск.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Приозерск К. Камзин

  Утверждены
постановлением
акимата города Приозерск
от 16 марта 2021 года
№ 10/30

Правила применения поощрений государственных служащих аппарата акима города и местных исполнительных органов города Приозерск

      1. Настоящие правила применения поощрений государственных служащих аппарата акима города (далее–Аппарат) и местных исполнительных органов города Приозерск (далее–МИО) разработаны в соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок применения поощрений государственных служащих Аппарата и МИО.

      2. К государственным служащим Аппарата и МИО применяются следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение Почетной грамотой;

      4) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      3. За одно и то же отличие к государственному служащему применяется только одно поощрение.

      4. Государственные служащие Аппарата и МИО поощряются за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе, а также по результатам оценки их деятельности.

      5. Поощрение государственных служащих Аппарата и МИО производится на основании решения комиссии, состав которой утверждается акимом города Приозерск (далее – Комиссия).

      6. Государственные служащие Аппарата и МИО за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу ежемесячно поощряются единовременным денежным вознаграждением.

      Выплата единовременных денежных вознаграждений, предусмотренных настоящим пунктом, осуществляется за счет экономии средств по плану финансирования бюджетной программы Аппарата и МИО.

      7. За выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе, а также по результатам оценки их деятельности государственные служащие Аппарата и МИО поощряются единовременным денежным вознаграждением распоряжением акима города Приозерск на основании рекомендаций комиссии.

      8. Почетной грамотой акима города Приозерск награждаются государственные служащие Аппарата и МИО за образцовое выполнение должностных обязанностей, достижение высоких результатов в служебной деятельности, личный вклад в решение особо важных задач.

      9. Учет поощрений государственных служащих Аппарата и МИО Почетной грамотой акима города Приозерск осуществляется службой управления персоналом аппарата акима города с занесением данных о поощрении в трудовую книжку и личное дело государственного служащего.

      10. Иные формы поощрений применяются к государственным служащим Аппарата и МИО в соответствии иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      11. Не подлежат поощрению государственные служащие:

      1) имеющие не снятые дисциплинарные взыскания;

      2) в период прохождения испытательного срока;

      3) государственные служащие корпуса "Б", в период проведения в их отношении специальной проверки органами национальной безопасности;

      4) проработавшие в государственном органе менее одного месяца.

Приозерск қаласы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасын бекіту туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 10/30 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 6254 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Приозерск қаласы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы бекітілсін.

      2. "Приозерск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Приозерск қаласының әкімі К. Камзин

  Приозерск қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 16
наурыздағы
№ 10/30
қаулысымен бекітілген

Приозерск қаласы әкімінің аппараты және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы

      1. Приозерск қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - Аппарат) және жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - ЖАО) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидасы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) Құрмет грамотасымен марапаттау;

      4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      3. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылады.

      4. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Приозерск қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.

      6. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі Аппарат пен ЖАО-ның бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері комиссия ұсынымдары негізінде Приозерск қаласы әкімінің өкімімен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      8. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілері Приозерск қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.

      9. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілерін Приозерск қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттаумен көтермеленуді есепке алуды қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүргізеді.

      10. Аппарат пен ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.

      11. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

      3) "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері оларға қатысты ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеру жүргізуі кезеңінде;

      4) Мемлекеттік мекемеде бір айдан кем жұмыс істегендер.