О внесении изменений и дополнения в решение Жалагашского районного маслихата от 28 октября 2020 года №64-2 “Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан”

Решение Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 14 апреля 2021 года № 5-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 20 апреля 2021 года № 8303. Утратило силу решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 29 сентября 2023 года № 7-2

      Сноска. Утратило силу решением Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 29.09.2023 № 7-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” и статьи 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года “О правовых актах” Жалагашский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жалагашского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 64-2 “Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан” (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 7780, опубликовано 12 ноября 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      “1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      ветераны боевых действий на территории других государств – 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      лица начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия – 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      рабочие и служащие соответствующих категорий, обслуживавшие действовавшие воинские контингенты в других странах и ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий – 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившиеся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск - 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащие Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке – 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      военнослужащие Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке – 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе - 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.”;

      пункт 8 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:

      “2-1) к 35-летию закрытия Чернобыльской атомной электростанции:

      в целях оказания дополнительной социальной поддержки участникам и инвалидам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции единовременная социальная помощь из областного бюджета в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей.”;

      подпункт 3) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      “3) День Победы - 9 мая:

      военнослужащие, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны – единовременная выплата в размере - 1 000 000,0 тенге (один миллион тенге) и с местного бюджета в размере 40 (сорок) месячного расчетного показателя;

      военнослужащие действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов – единовременная выплата в размере - 1 000 000,0 тенге (один миллион тенге) и с местного бюджета в размере 40 (сорок) месячного расчетного показателя;

      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны единовременная выплата в размере - 100 000,0 тенге (сто тысяч тенге) и с местного бюджета в размере 30 (тридцать) месячного расчетного показателя, а также лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу Великой Отечественной войны – единовременная выплата в размере - 100 000,0 тенге (сто тысяч тенге);

      супруга (супруг) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненого по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью “За оборону Ленинграда” или знаком “Жителю блокадного Ленинграда”, признавшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – единовременная выплата в размере - 100 000,0 тенге (сто тысяч тенге).”.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель 5 сессии Жалагашского районного маслихата А. Бекжанов
      Cекретарь Жалагашского районного маслихата Г. Курманбаева
      “СОГЛАСОВАНО”
Государственным учреждением
“Управление координации
занятости и социальных программ
Кызылординской области”

“Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралыˮ Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы №64-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 5-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 сәуірде № 8303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 7-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 29.09.2023 № 7-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 64-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7780 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 12 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш.”;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      “2-1) Чернобыль атом электр станциясының жабылуына 35 жыл толуына орай:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқандар мен мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек.”;

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3) 9 мамыр - Жеңіс Күні:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне - 1 000 000,0 теңге (бір миллион теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 1 000 000,0 теңге (бір миллион теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 30 (отыз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде бір жолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, “Ленинградты қорғағаны үшін” медалімен немесе “Қоршаудағы Ленинград тұрғыны” белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) - 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем.”.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының 5-сессиясының төрағасы А. Бекжанов
      Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы Г. Курманбаева
      “КЕЛІСІЛДІˮ
“Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасыˮ
мемлекеттік мекемесімен