О внесении изменений в постановление акимата Бейнеуского района от 12 марта 2018 года № 37 "Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность"

Постановление акимата Бейнеуского района Мангистауской области от 26 января 2021 года № 16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 29 января 2021 года № 4440

      В соответствии с законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Бейнеуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Бейнеуского района от 12 марта 2018 года № 37 "Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3563, опубликовано 18 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Правилах поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность:

      пункт 3 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "3. Поступление безнадзорных животных в районную коммунальную собственность осуществляется на основании акта приема-передачи. Акт приема-передачи составляется при участии лица, передающего безнадзорных животных, акима соответствующего села, сельского округа (далее - аким), ответственных сотрудников государственного учреждения "Бейнеуский районный отдел предпринимательства, сельского хозяйства" и государственного учреждения "Бейнеуский районный отдел экономики и финансов" (далее - отдел экономики и финансов). Акт приема-передачи утверждается руководителем отдела экономики и финансов или замещающим его должностным лицом.

      В акте приема-передачи в обязательном порядке должны быть указаны возраст, порода, масть, пол, состояние и здоровье безнадзорных животных.".

      2. Государственному учреждению "Бейнеуский районный отдел предпринимательства, сельского хозяйства" (Т.Нурмаганбетов) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж.Темирова.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Бейнеуского района Б. Абилов

Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 37 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 16 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 қаңтарда № 4440 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 37 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 18 сәуірде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларында:

      3 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім), "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісі экономика және қаржы бөлімінің басшысымен немесе оны алмастыратын лауазымды тұлғамен бекітіледі.

      Қабылдау-беру актісінде міндетті түрде қараусыз қалған жануарлардың жасы, тұқымы, түсі, жынысы, жай-күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.".

      2. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов