О признании утратившим силу постановление акимата Джангельдинского района от 21 февраля 2017 года № 35 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов"

Постановление акимата Джангельдинского района Костанайской области от 24 сентября 2021 года № 145. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 октября 2021 года № 24609

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Джангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Джангельдинского района от 21 февраля 2017 года № 35 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6849).

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Джангельдинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Джангельдинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Джангельдинского района Ш. Оспанов

Жангелдин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 35 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 145 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 қазанда № 24609 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 35 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6849 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин ауданының әкімі Ш. Оспанов