О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 25 июля 2012 года № 5-6-3 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"

Решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 6 мая 2021 года 7-5-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 6 мая 2021 года № 7403

      В соответствии пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан от "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года№ 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Айыртауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Айыртауского районного маслихата "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг" от 25 июля 2012 года № 5-6-3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13-3-161)следующие изменения:

      в правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг (далее - Правила) утвержденных указанным решением:

      подпункт 2) пункта 2 Правил изложить в новой редакции:

      "2) совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) – общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;";

      подпункт 4) пункта 2 Правил изложить в новой редакции:

      "4) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов малообеспеченной семьи (гражданина) в месяц на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в процентах";

      пункт 3 Правил изложить в новой редакции:

      "3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.".

      заголовок главы 2 Правил изложить в новой редакции:

      "2. Порядок назначения жилищной помощи";

      пункт 4 Правил изложить в новой редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищномфонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами.

      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).".

      пункт 6 Правил исключить.

      пункт 8 Правил изложить в новой редакции:

      "8. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.".

      пункт 9 Правил изложить в новой редакции:

      "9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.".

      Заголовок главы 3 Правил изложить в новой редакции:

      "3. Исчисления совокупного дохода малообеспеченнойсемьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи"

      пункт 11 Правил изложить в новой редакции:

      "11. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель V сессии
Айыртауского районного маслихата
Северо-Казахстанской области
А. Кожахметов
      Секретарь
Айыртауского районного маслихата
Северо-Казахстанской области
Г. Абулкаирова

"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 7-5-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 мамырда № 7403 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Айыртау аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы-тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;";

      Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "4) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.";

      Қағидалардың 3- тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

       коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.".

      Қағидалардың 2-тарауының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі";

      Қағидалардың 4-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      Қағидалардың 6-тармағы алынып тасталсын.

      Қағидалардың 8-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.".

      Қағидалардың 9-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.".

      Қағидалардың 3-тарауының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу"

      Қағидалардың 11-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган есептейді".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихаты
V сессиясының төрағасы
А. Кожахметов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы
Г. Абулкаирова