О внесении изменения в решение районного маслихата от 8 ноября 2019 года № 329-VI "Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района"

Решение Индерского районного маслихата Атырауской области от 12 мая 2021 года № 25-VІI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 14 мая 2021 года № 4956

      В соответствии с статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на внеочередной ІV сессии Индерский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 8 ноября 2019 года № 329-VI "Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4530, опубликовано 27 ноября 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      приложение указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной политики, по делам молодежи, образования, культуры, здравоохранения (А. Доспаева).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Бигамбаев
      Секретарь маслихата Б. Сапаров

  Приложение к решению Индерского районного маслихата от 12 мая 2021 года
№ 25-VII
  Утвержден решением Индерского районного маслихата от 8 ноября 2019 года № 329-VІ

Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района

1. Общие положения

      1. Настоящие правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района.

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Индерский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния".

2. Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается без истребования заявлений от получателей, на основании сводных списков, утвержденных акимами сельских округов, по предоставлению государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии с приложением документа, подтверждающего наличие лицевого (карточного) счета в банке второго уровня.

      4. Социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах на территории Индерского района.

3. Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка оказывается один раз в год за счет средств бюджета в размере 5000 (пять тысячи) тенге.

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 8 қарашадағы № 329-VI "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 25-VІI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 мамырда № 4956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты кезектен тыс ІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 8 қарашадағы № 329-VI "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 санымен тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Доспаева) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бигамбаев
      Мәслихат хатшысы Б. Сапаров

  Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы
№ 25-VII шешіміне қосымша
  Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 329-VІ шешімімен бекітілген

Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Индер ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.