О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима сельского округа Акколь Курмангазинского района Атырауской области от 11 мая 2021 года № 16 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима сельского округа Акколь Курмангазинского района Атырауской области от 9 августа 2021 года № 31. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2021 года № 23992

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Курмангазинского района Атырауской области от 18 июня 2021 года № 9 РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия установленные на территории улицы К. Такешова сельского округа Акколь Курмангазинского района Атырауской области, в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллез среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решения акима сельского округа Акколь Курмангазинского района Атырауской области от 11 мая 2021 года № 16 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4952).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким округа Ә. Әбдірахман

Шектеу іс-шараларын алып тастау және Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 31 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 23992 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 9 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінің Қ. Тәкешов көшесінің аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4952 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Ә. Әбдірахман