Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2021 год

Постановление акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 7 апреля 2021 года № 47. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 8 апреля 2021 года № 8553

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 14-1) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 13898), акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2021 год, в размере одного процента от списочной численности работников организации, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" Восточно-Казахстанской области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Абайского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Абайского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением постановления акимата возложить на заместителя акима района по вопросам социальной сферы, внутренней политики, занятости и социальных программ.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Ж. Байсабыров

  Приложение к постановлению
акимата Абасйкого района
Восточно-Казахстанской
области от 7 апреля
2021 года № 47

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2021 год

Наименование предприятия

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест (человек)

1

Комунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Риза" акимата Абайского района Вкосточно-Казахстанской области

 
50

 
1

 
1


2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 47 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 8553 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы "Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Байсабыров

  Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 7 сәуірдегі
№ 47 қаулысына қосымша

2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлер-дің тізімдік саны

Квота мөлшері %

Жұмыс орындар саны (адам)

1

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

 
50

 
1

 
1