О переименовании улиц поселка Суыкбулак Жарминского района

Решение акима поселка Суыкбулак Жарминского района Восточно-Казахстанской области от 18 марта 2021 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 29 марта 2021 года № 8475

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", с учетом мнения жителей поселка Суыкбулак, на основании заключении областной ономастической комиссии от 28 декабря 2020 года, аким поселка Суыкбулак Жарминского района РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие улицы в поселке Суыкбулак Жарминского района:

      улицу "Береговая"– на улицу "Абылай хан";

      улицу "Ворошилова" – на улицу "Дінмұхамед Қонаев" ;

      улицу "Комсомольская" – на улицу "Шаңырақ";

      улицу "Линейная" – на улицу "Теміржолшылар";

      улицу "Мира"– на улицу "Кенесары хан";

      улицу "Центральная" – на улицу "Достық";

      улицу "Школьная"– на улицу "Ыбырай Алтынсарин";

      улицу "Юбилейная"– на улицу "Рахымжан Қошқарбев";

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима поселка Суыкбулак" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Жарминского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акима Жарминского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким поселка Суыкбулак А. Юсупов

Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің көшелерін қайта атау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық Суықбұлақ кенті әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 наурызда № 8475 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Суықбұлақ кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 28 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің келесі көшелері:

      "Береговая" көшесін – "Абылай хан" көшесі;

      "Ворошилова" көшесін – "Дінмұхамед Қонаев" көшесі;

      "Комсомольская" көшесін – "Шаңырақ" көшесі;

      "Линейная" көшесін – "Теміржолшылар" көшесі;

      "Мира" көшесін – "Кенесары хан" көшесі;

      "Центральная" көшесін – "Достық" көшесі;

      "Школьная" көшесін – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

      "Юбилейная" көшесін – "Рахымжан Қошқарбаев" көшелері болып қайта аталсын.

      2. "Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Суықбұлақ кентінің әкімі А. Юсупов