О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых населенных пунктов Акжаикского района Западно-Казахстанской области

Совместное постановление акимата Западно-Казахстанской области от 19 марта 2021 года № 49 и решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 19 марта 2021 года № 3-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 25 марта 2021 года № 6864

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", на основании совместных постановлений и решений акимата Акжаикского района и Акжаикского районного маслихата от 23 апреля 2020 года №84 и от 28 апреля 2020 года №46-4 "О внесении предложения акимату Западно-Казахстанской области и маслихату Западно-Казахстанской области по упразднению некоторых населенных пунктов Акжаикского района Западно-Казахстанской области", от 1 октября 2020 года №207 и от 2 октября 2020 года №53-3 "О внесении предложения акимату Западно-Казахстанской области и маслихату Западно-Казахстанской области по упразднению некоторых населенных пунктов Акжаикского района Западно-Казахстанской области", учитывая мнение населения соответствующих территорий, акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в административно-территориальное устройство некоторых населенных пунктов Акжаикского района Западно-Казахстанской области следующие изменения:

      упразднить:

      населенный пункт Косшыгыр Жанабулакского сельского округа;

      населенный пункт Донгелек Жамбульского сельского округа;

      населенный пункт Жантемир Алмалинского сельского округа;

      населенный пункт Атибек Курайлысайского сельского округа;

      изменить подчиненность:

      упраздненного населенного пункта Косшыгыр Жанабулакского сельского округа с передачей его в административное подчинение Жанабулакского сельского округа;

      упраздненного населенного пункта Донгелек Жамбульского сельского округа с передачей его в административное подчинение Жамбульского сельского округа;

      упраздненного населенного пункта Жантемир Алмалинского сельского округа с передачей его в административное подчинение Алмалинского сельского округа;

      упраздненного населенного пункта Атибек Курайлысайского сельского с передачей его в административное подчинение Курайлысайского сельского округа.

      2. Руководителю аппарата областного маслихата (А.Жоламанов) обеспечить государственную регистрацию данного совместного постановления и решения в органах юстиции.

      3. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким Западно-Казахстанской области Г. Искалиев
      Председатель сессии Н. Сергалиев
      Секретарь маслихата Б. Конысбаева

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 49 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3-7 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 6864 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігі мен Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі №84 және 2020 жылғы 28 сәуірдегі №46-4 "Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы", 2020 жылғы 1 қазандағы №207 және 2020 жылғы 2 қазандағы №53-3 "Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы" бірлескен қаулылары және шешімдері негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      таратылсын:

      Жаңабұлақ ауылдық округінің Қосшығыр елді мекені;

      Жамбыл ауылдық округінің Дөңгелек елді мекені;

      Алмалы ауылдық округінің Жантемір елді мекені;

      Құрайлысай ауылдық округінің Әтібек елді мекені;

      бағыныстылығы өзгертілсін:

      таратылған Жаңабұлақ ауылдық округінің Қосшығыр елді мекенінің бағыныстылығы Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

      таратылған Жамбыл ауылдық округінің Дөңгелек елді мекенінің бағыныстылығы Жамбыл ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

      таратылған Алмалы ауылдық округінің Жантемір елді мекенінің бағыныстылығы Алмалы ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

      таратылған Құрайлысай ауылдық округінің Әтібек елді мекенінің бағыныстылығы Құрайлысай ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Жоламанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев
      Сессия төрағасы Н. Сергалиев
      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева