Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по Теректинскому району на 2021 год

Постановление акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 26 января 2021 года № 15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 27 января 2021 года № 6816

      В соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898) акимат Теректинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для организаций, независимо от организационно - правовой формы и формы собственности от списочной численности работников организаций по Теректинскому району на 2021 год в следующих размерах:

      для трудоустройства граждан, из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере одного процента, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере двух процентов, согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов, согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      2. Руководителю аппарата акима Теректинского района (А.Баяхатов) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А.Байгазиева.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Теректинского района А. Утегулов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Теректинского района
от 26 января 2021 года № 15

Квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Теректинскому району на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1

Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Бәйтерек" отдела образования Теректинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

95

1

1

2

Крестьянское хозяйство "Жумагалиев"

6

1

1

3

Государственное коммунальное казенное предприятие "Теректинский районный центр досуга" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Теректинского района.

179

1

2

  Приложение 2
к постановлению акимата
Теректинского района
от 26 января 2021 года № 15

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Теректинскому району на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Теректі - таза су"

104

2

2

  Приложение 3
к постановлению акимата
Теректинского района
от 26 января 2021 года № 15

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Теректинскому району на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1.

Крестьянское хозяйство "Қырман"

10

2

1

2.

Крестьянское хозяйство "Тумар"

8

2

1


Теректі ауданы бойынша 2021 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 6816 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теректі ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Баяхатов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Байгазиевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауданының әкімі А. Утегулов

  Теректі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15
қаулысына 1-қосымша

Теректі ауданы бойынша 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Бәйтерек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

95

1

1

2

"Жумагалиев" шаруа қожалығы

6

1

1

3

"Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

179

1

2

  Теректі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15
қаулысына 2-қосымша

Теректі ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

"Теректі таза – су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

2

2

  Теректі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15
қаулысына 3-қосымша

Теректі ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Қырман" шаруа қожалығы

10

2

1

2

"Тумар" шаруа қожалығы

8

2

1