О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 4 мая 2018 года № 173 "Об утверждении Методики по выявлению монопольно высокой (низкой) цены"

Приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 28 марта 2022 года № 3. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2022 года № 27307

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 4 мая 2018 года № 173 "Об утверждении Методики по выявлению монопольно высокой (низкой) цены" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16916) следующие изменения:

      в Методике по выявлению монопольно высокой (низкой) цены, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Методика разработана в соответствии с подпунктом 19) статьи 90-6 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и применяется антимонопольным органом, а также его территориальными подразделениями при выявлении монопольно высокой (низкой) цены, установленной субъектом рынка, занимающим доминирующее или монопольное положение на товарном рынке (далее – Субъект).";

      абзац первый пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В соответствии с пунктом 1 статьи 175 Кодекса под монопольно высокой ценой товара понимается цена, установленная субъектом рынка, занимающим доминирующее или монопольное положение, если эта цена превышает сумму необходимых для производства и реализации такого товара расходов и прибыли и цену, которая сформировалась в условиях конкуренции на соответствующем или сопоставимом товарном рынке, в том числе установленная:";

      подпункты 1) и 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "1) установления Субъектом цены на товар, по которому положение Субъекта признано доминирующим, превышающей цены на такой же товар других субъектов рынка на соответствующем или сопоставимом товарном рынке;

      2) превышения темпов роста цен на товар, по которому положение Субъекта признано доминирующим, по сравнению с соответствующими темпами роста цен на соответствующем или сопоставимом товарном рынке;";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. При определении монопольно высокой цены определяются необходимые расходы и прибыль, связанные с производством (реализацией) товара, с учетом:

      1) материальных расходов, входящих в себестоимость, которые определяются исходя из цен, предусмотренных в подтверждающих документах (договоры, счета-фактуры) и физического объема материальных ресурсов, исходя из применяемых норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии материальных ресурсов на выпуск единицы товара и их годовых норм;

      2) расходов по оплате труда персонала, включая выплаты доплат и надбавок за условия труда, предусмотренные системой оплаты труда в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан (далее – Трудовой кодекс);

      3) амортизационных отчислений, определяемых с использованием метода, предусмотренного учетной политикой субъекта;

      4) расходов на выплату вознаграждения за заемные средства;

      5) других расходов, непосредственно относящихся к производству (реализации) товара субъекта;

      6) необходимого уровня прибыли, обеспечивающего эффективное функционирование и развитие предприятия.

      При оценке необходимых затрат и прибыли Субъекта на единицу товара в случае необходимости применяется метод сравнительного анализа аналогичных затрат и прибыли других субъектов рынка на соответствующем или сопоставимом товарном рынке.

      При определении монопольно низкой цены определяются фактические расходы, связанные с производством (реализацией) товара, с учетом подпунктов 1), 2), 3), 4), 5) настоящего пункта.

      В случае, если Субъектом производится (реализуется) несколько видов товаров, необходимые расходы и прибыль, связанные с производством (реализацией) товара, определяются в соответствии с раздельным учетом расходов и прибыли по каждому виду товара.

      В случае отсутствия у Субъекта раздельного учета расходов и прибыли, необходимые расходы, не относящиеся напрямую к производству и реализации анализируемого вида товара, определяются пропорционально доходу по каждому виду товара.".

      2. Департаменту расследований Агентства по защите и развитию конкуренции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
по защите и развитию конкуренции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

"Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27307 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16916 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемеде:

      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы орган, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі - Субъект) белгілеген монополиялық жоғары (төмен) баға анықталған кезде қолданады.";

      3-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер бұл баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайданың сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан, оның ішінде белгіленген бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы деп түсініледі:";

      6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардың бағасын Субъектінің тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан асатын етіп белгілеуі;

      2) тиісті немесе салыстырмалы нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының өсу қарқынының арту;";

      12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Монополиялық жоғары бағаны анықтау кезінде тауар өндірумен (өткізумен) байланысты қажетті шығындар мен пайда мыналар ескеріле отырып айқындалады:

      1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларды және материалдық ресурстардың физикалық көлемін негізге ала отырып, тауардың бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларынан және жылдық нормаларынан шыға келе айқындалады;

      2) еңбек жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар;

      3) субъектінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын амортизациялық аударымдар;

      4) қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар;

      5) Субъектінің тауар өндіруіне (өткізуіне) тікелей қатысты басқа да шығыстар;

      6) кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін пайда деңгейі.

      Субъектінің тауардың бір бірлігіне қажетті шығындары мен пайдасын бағалау кезінде қажет болған кезде тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы басқа нарық субъектілерінің ұқсас шығындары мен пайдасын салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.

      Монополиялық төмен бағаны анықтау кезінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларын ескере отырып, тауарды өндірумен (өткізумен) байланысты нақты шығыстар айқындалады.

      Егер Субъект тауарлардың бірнеше түрін өндірсе (өткізсе), тауарды өндіруге (өткізуге) байланысты қажетті шығыстар мен пайда тауардың әрбір түрі бойынша шығыстар мен пайданы бөлек есепке алуға сәйкес айқындалады.

      Субъектіде шығыстар мен пайданы бөлектеп есепке алу болмаған жағдайда, талданып отырған тауар түрін өндіруге және өткізуге тікелей қатысы жоқ қажетті шығыстар тауардың әрбір түрі бойынша табысқа бара-бар айқындалады.".

      2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Тергеп-тексерулер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин