Об утверждении Правил ведения реестра общественных медиаторов

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 21 апреля 2022 года № 126. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 апреля 2022 года № 27748.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 8-1 Закона Республики Казахстан "О медиации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения реестра общественных медиаторов.

      2. Комитету по делам гражданского общества Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
А. Умаров

  Утверждены приказом
Министра информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 21 апреля 2022 года № 126

Правила ведения реестра общественных медиаторов

      1. Настоящие Правила ведения реестра общественных медиаторов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10) статьи 8-1 Закона Республики Казахстан "О медиации" (далее – Закон) и определяют порядок ведения реестра общественных медиаторов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) медиатор – независимое физическое лицо, привлекаемое сторонами для проведения медиации на профессиональной основе или общественных началах в соответствии с требованиями Закона;

      2) медиация – процедура урегулирования спора (конфликта) между сторонами при содействии медиатора (медиаторов) в целях достижения ими взаимоприемлемого решения, реализуемая по добровольному согласию сторон;

      3) уполномоченный орган в сфере медиации (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере медиации.

      3. Медиаторы включаются акимом города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа в реестр общественных медиаторов в уведомительном порядке в течение десяти календарных дней со дня получения соответствующего заявления при условии соответствия требованиям статьи 9 Закона.

      Заявление направляется в письменной форме либо в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью.

      4. В случае невключения медиатора в реестр общественных медиаторов аким города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа в течение десяти календарных дней со дня получения соответствующего заявления предоставляет мотивированный ответ в письменном виде о причинах отказа.

      5. Реестр ведется акимом города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      6. Медиаторы исключаются акимом города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа из реестра общественных медиаторов в уведомительном порядке в течение десяти календарных дней со дня получения соответствующего заявления.

      Заявление направляется в письменной форме либо в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью.

  Приложение
к Правилам ведения реестра
общественных медиаторов

Реестр общественных медиаторов


п/п

Фамилия, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность при наличии) медиатора

Юридический адрес медиатора

Контактные данные медиатора (почтовый адрес или электронный адрес либо номер телефона или телефакса)

Сведения об области медиации, в которой медиатор специализируется

Сведения о языке, на котором медиатор осуществляет медиацию

Сведения о приостановлении деятельности медиатора









Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 сәуірде № 27748 болып тіркелді.

      "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Умаров

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
  2022 жылғы 21 сәуірдегі
  № 126 Бұйрықпен бекітілген

Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары

      1. Осы қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 8-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсіби негізде немесе қоғамдық негізде медиацияны жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;

      2) медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі;

      3) медиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі медиаторларды Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келген жағдайда тиісті өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлама тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізіліміне қосады.

      Өтініш жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      4. Медиаторды қоғамдық медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тиісті өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

      5. Тізілімді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жүргізеді.

      6. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тиісті өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлама жасау тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізілімінен медиаторларды алып тастайды.

      Өтініш жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

  Қоғамдық медиаторлар
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша

Қоғамдық медиаторлар тізілімі


р/с

Медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Медиатордың заңды мекен-жайы

Медиатордың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі)

Медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер

Медиатордың медиацияны жүзеге асыратын тілі туралы мәліметтер

Медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер