О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 160 "Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 26 мая 2022 года № 189. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2022 года № 28279

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 160 "Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16948) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 66 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 66 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на разведку и добычу или добычу углеводородов, а также добычу урана (далее – контракт на недропользование).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Анализ отчетов, предоставленных недропользователями осуществляется компетентным органом в течение 30 (тридцати) рабочих дней.

      По результатам проведенного анализа отчетов, в срок до 1 (первого) апреля, следующего за отчетным периодом недропользователям направляется уведомление о выполнении финансовых обязательств, установленных контрактом на недропользование, менее чем на тридцать процентов за отчетный год согласно подпункту 1) пункта 2 статьи 133 Кодекса.

      Срок устранения нарушений недропользователями условий контракта по физическому объему обязательств не должен превышать 6 (шесть) месяцев, по обязательству, указанному в подпункте 1) пункта 2 статьи 133 Кодекса, – 3 (три) месяца, по иным обязательствам, предусмотренным в контракте на недропользование, – 1 (один) месяц со дня получения письменного уведомления согласно пункту 3 статьи 133 Кодекса."

      2. Департаменту недропользования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра А. Магауов

      СОГЛАСОВАН
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

"Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28279 болып тіркелді.

     
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 66-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге, сондай-ақ уран өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған есептерді талдауды құзыретті орган 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Есептерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі 1 (бірінші) сәуірге дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушыларға Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелердің есепті жыл үшін кемінде отыз пайызға орындалуы туралы хабарлама жіберіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелердің нақты көлемі бойынша келісімшарт талаптарының бұзушылықтарын жою мерзімі 6 (алты) айдан, Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген міндеттеме бойынша – 3 (үш) айдан, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген өзге де міндеттемелер бойынша Кодекстің 133-бабының 3-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 1 (бір) айдан аспауға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. А. Магауов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі