О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 "Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 июня 2022 года № 481. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 июня 2022 года № 28438

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 "Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9729) следующие изменения:

      в Правилах проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы, утвержденных указанным приказом:

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "Дисциплинарные взыскания к осужденным применяются постановлением начальника учреждения или лица, исполняющего его обязанности либо его заместителя в порядке предусмотренном статьей 133 УИК, в форме согласно приложению 9 к настоящим Правилам.

      По факту нарушения с осужденным проводится беседа воспитательного характера, при необходимости оказывается психологическая помощь и психокоррекционные мероприятия с фиксацией в дневнике ИВР.

      Администрация учреждения не позднее следующего рабочего дня со дня вынесения постановления о применении мер поощрений или взысканий вносит данные сведения в Централизованную автоматизированную базу данных УИС (далее - ЦАБД).

      Если дисциплинарное взыскание наложено в период следования транзитом через другие учреждения (далее – транзитное учреждение), администрация транзитного учреждения, материалы с постановлением о наложении дисциплинарного взыскания прилагают к личному делу осужденного.

      Водворение в ДИЗО исполняется в транзитном учреждении, в случае не исполнения водворения в ДИЗО в транзитном учреждении либо исполнено не полностью, данное взыскание исполняется в день прибытия в направляемое учреждение, в том числе в счет дней пребывания в карантине с проведением соответствующих мероприятий предусмотренных осуществлению в карантине.

      По прибытию осужденного в направляемое учреждение, его администрацией, на основании материалов о привлечении к дисциплинарной ответственности, приложенных к личному делу, вносятся соответствующие сведения в ЦАБД с рассмотрением присвоения соответствующей степени поведения.

      Администрация учреждения не позднее следующего рабочего дня направляет прокурору копию постановления о применении в отношении осужденного дисциплинарного взыскания.";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "Степень поведения осужденного определяется в соответствии со статьей 95 УИК на заседании комиссии учреждения.

      Администрация учреждения в течение трех рабочих дней со дня вынесения постановления об определении или изменении степени поведения вносит данные сведения в ЦАБД.

      В случае перевода осужденного из другого учреждения того же вида ранее выставленная оценка степени поведения сохраняется до рассмотрения степени его поведения комиссией учреждения в сроки, предусмотренные УИК.

      В случае перевода в учреждение другого вида согласно частей первой и третей статьи 96 УИК, осужденный по прибытию в учреждение признается не имеющим определенной степени поведения до рассмотрения степени его поведения комиссией учреждения в сроки, предусмотренные УИК.

      В случае перевода осужденного в учреждение другого вида на основании применения статьи 6 Уголовного кодекса Республики Казахстан, у осужденного по прибытию в учреждение сохраняются условия отбывания наказания и степени поведения, определенные в прежнем учреждении вида безопасности.";

      пункт 31 изложить в следующей редакции:

      "Решение комиссии учреждения о переводе в другие условия протоколируется, выписка прилагается в личное дело, а в дневнике ИВР делается соответствующая запись.

      Администрация учреждения в течение трех рабочих дней со дня вынесения постановления об определении или изменении условий отбывания наказания либо со дня установления выявленных характеризующих сведений вносит данные сведения в ЦАБД.".

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

"Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28438 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сотталғандарға тәртіптік жазалаулар ҚАК-тің 133-бабында көзделген тәртіпте мекеме бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның не оның орынбасарының қаулысымен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда қолданылады.

      Бұзушылық фактісі бойынша сотталғанмен ЖТЖ күнделігіне тіркеумен тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізіледі, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек, психотүзету іс-шаралар өткізіледі.

      Мекеме әкімшілігі көтермелеу немесе жазалау шараларын қолдану туралы қаулы шығарылған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚАЖ орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасына (бұдан әрі - ОАДБ) осы мәліметтерді енгізеді.

      Егер тәртіптік жазалау басқа мекемелер арқылы транзитпен жүруі (бұдан әрі – транзиттік мекеме) кезінде салынған жағдайда транзиттік мекеме әкімшілігі тәртіптік жазалауға тарту туралы қаулы бар материалдарды сотталғанның жеке ісіне қоса береді.

      ТИ-ға жабу транзиттік мекемеде орындалады, транзиттік мекемедегі ТИ-ға жабу орындалмаған жағдайда не толығымен орындалмаса, осы жазалау мекемеге келген күні, соның ішінде тиісті іс-шараларды өткізумен карантинде болған күндерді есепке алумен орындалады.

      Сотталған жіберілген мекемеге келген күні, оның әкімшілігі жеке ісіне қоса берілген, тәртіптік жазалауларға тарту туралы материалдардың негізінде тиісті мінез-құлық дәрежесін бере отырып, ОАДБ-ға тиісті мәліметтерді енгізеді.

      Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға сотталғанға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесін жолдайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сотталғанның мінез-құлық дәрежесі ҚАК-тің 95-бабына сәйкес мекеме комиссиясы отырысында айқындалады.

      Мекеме әкімшілігі мінез-құлық дәрежесін айқындау немесе өзгерту туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ОАДБ-ға осы мәліметтерді енгізеді.

      Сотталғанды бір түрдегі мекемеден басқа мекемеге ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесіне бұрын қойылған баға оның мінез-құлық дәрежесін ҚАК-де көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.

      ҚАК 96-бабының бірінші және үшінші бөліктеріне сәйкес басқа түрдегі мекемеге ауыстырған жағдайда сотталған мекемеге келгенде оның мінез-құлқын ҚАК-де көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін белгілі мінез-құлық дәрежесі белгіленбеген деп танылады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану негізінде сотталған басқа түрдегі мекемеге ауысқан жағдайда сотталғанда мекемеге келгеннен кейін алдыңғы қауіпсіздік түріндегі мекемеде белгіленген жазаны өтеу жағдайлары мен мінез-құлық дәрежесі сақталады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мекеме комиссиясының басқа жағдайға ауыстыру туралы шешіміне хаттама жасалады, үзінді жеке iске қоса тiгіледі, ал ЖТЖ күнделiгiне тиісті жазба жазылады.

      Мекеме әкімшілігі жазаны өтеу жағдайларын айқындау немесе өзгерту туралы қаулы шығарылған күннен бастап не анықталған сипаттайтын мәліметтер белгіленген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ОАДБ-ға осы мәліметтерді енгізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов