О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 674 "Об утверждении Правил предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 8 августа 2022 года № 799. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 августа 2022 года № 29057

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.3

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 674 "Об утверждении Правил предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 225-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 225-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Бюджетный кодекс) и определяют порядок и условия предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта.";

      в пункте 3:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) банк – юридическое лицо, являющееся коммерческой организацией, которое в соответствии с Законом Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" правомочно осуществлять банковскую деятельность;";

      подпункты 5) и 6) изложить в следующей редакции:

      "5) уполномоченный орган в области регулирования внешнеторговой деятельности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере развития и продвижения экспорта несырьевых товаров и услуг, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области регулирования внешнеторговой деятельности;";

      6) отраслевое заключение уполномоченного органа (далее – отраслевое заключение) – заключение уполномоченного органа в области регулирования внешнеторговой деятельности на предмет соответствия приоритетам развития отрасли посредством предоставления Государственной гарантии соответствующей Национальной компании;";

      подпункты 13) и 14) изложить в следующей редакции:

      "13) заключение центрального уполномоченного органа по государственному планированию для предоставления Государственной гарантий (далее – заключение) – заключение центрального уполномоченного органа по государственному планированию на предмет целесообразности предоставления Государственной гарантии (ее влияния на экономику страны и соответствие стратегическим и (или) программным документам, подготовленное на основании положительного отраслевого заключения уполномоченного органа) Национальной компании;

      14) заявка – обращение Национальной компании в адрес уполномоченного органа о предоставлении отраслевого заключения;";

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Для получения отраслевого заключения Национальная компания направляет заявку в уполномоченный орган с приложением:

      информации по Государственной гарантии, которая содержит сумму Государственной гарантии, срок ее действия, институциональную схему использования Государственной гарантии (информация обо всех участниках процесса, их взаимодействие);

      информации о Национальной компании, которая содержит копии учредительных документов, а также документов, подтверждающих статус Национальной компании, план развития Национальной компании, рейтинговый отчет.

      При не предоставления Национальной компанией указанных документов уполномоченным органом в течение 5 (пяти) рабочих дней заявка Национальной компании отклоняется без рассмотрения.

      6. Уполномоченный орган выдает в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней отраслевое заключение со дня представления Национальной компанией заявки.

      В случае выдачи уполномоченным органом отрицательного отраслевого заключения, заявка Национальной компании отклоняется с указанием причин возврата для ее дальнейшей доработки в соответствии с Правилами определения суммы лимита предоставления государственной гарантии по поддержке экспорта, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 489.";

      приложение к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и
интеграций
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Заместителя Премьер-
Министра - Министра финансов
Республики Казахстан
от 8 августа 2022 года № 799
  Приложение
к Правилам предоставления
государственной гарантии
Республики Казахстан
по поддержке экспорта

Перечень документов, предоставляемых национальной компанией, осуществляющей функции по поддержке экспорта, для получения государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта

      1. Положительное отраслевое заключение уполномоченного органа.

      2. Положительное заключение центрального уполномоченного органа по государственному планированию.

      3. Протоколы Республиканской бюджетной комиссии (при наличии).

      4. Выписка об оплате единовременной платы (сбора) в размере 0,2 % от суммы государственной гарантии по поддержке экспорта.

      5. Нотариально заверенные копии учредительных документов.

      6. Сведение об отсутствии налоговой задолженности и просроченной задолженности в соответствии с кредитным отчетом, предоставляемым, согласно законодательству Республики Казахстан о кредитных бюро и формировании кредитных историй.

      7. Выписка из Реестра акционеров национальной компании, осуществляющей функции по поддержке экспорта.

      8. Копия документа, подтверждающего статус национальной компании.

"Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 799 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29057 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 225-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 225-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – шикізаттан басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) уәкілетті органның салалық қорытындысы (бұдан әрі – салалық қорытынды) – Мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан тиісті Ұлттық компанияға сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның қорытындысы;";

      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Мемлекеттік кепілдік беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беруінің орындылығы (уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;

      14) өтінім – Ұлттық компанияның уәкілетті органның атына Мемлекеттік кепілдік беру туралы өтініші;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салалық қорытындыны алу үшін Ұлттық компания уәкілетті органға мыналарды:

      Мемлекеттік кепілдік сомасын, оның қолданылу мерзімін, Мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасын (процестің барлық қатысушылары, олардың өзара іс-қимылы туралы ақпарат) қамтитын Мемлекеттік кепілдік жөніндегі ақпаратты;

      құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Ұлттық компанияның мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін, Ұлттық компанияның даму жоспарын, рейтингтік есепті қамтитын Ұлттық компания туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтінім жібереді.

      Ұлттық компания көрсетілген құжаттарды бермеген кезде уәкілетті орган Ұлттық компанияның өтінімін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қараусыз кері қайтарады.

      6. Уәкілетті орган салалық қорытындыны Ұлттық компания өтінімді ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде береді.

      Уәкілетті орган теріс салалық қорытынды берген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларына сәйкес қайтару себептері көрсетіле отырып, Ұлттық компанияның өтінімі, оны одан әрі пысықтау үшін кері қайтарылады.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы министрінің
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 799 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
экспортты қолдау жөніндегі
мемлекеттік кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін алу үшін экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания ұсынатын құжаттардың тізбесі

      1. Уәкілетті органның оң салалық қорытындысы.

      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысы.

      3. Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалары (бар болса).

      4. Экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 % мөлшерінде біржолғы төлемді (алымды) төлеу туралы үзінді-көшірме.

      5. Құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері.

      6. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес берілетін кредиттік есепке сәйкес салық берешегінің және мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтама.

      7. Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания акционерлерінің тізілімінен үзінді-көшірме.

      8. Ұлттық компанияның мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.