О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 "Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов"

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 25 августа 2022 года № 581. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 сентября 2022 года № 29377

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 "Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12267) следующие изменения:

      в Правилах проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. При проведении работ по зарыблению водоемов в рамках государственного заказа, территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира соответствующей области (далее – территориальное подразделение) или местный исполнительный орган совместно с научной организацией, а также предприятием или физическим и (или) юридическими лицами, планирующими провести работы по зарыблению водоемов в рамках государственного заказа, не менее чем за тридцать календарных дней до их начала предварительно определяет место зарыбления водоемов, за исключением государственных предприятий воспроизводственного комплекса, выполняющих государственный заказ по воспроизводству осетровых видов рыб.

      Окончательное согласование места зарыбления оформляется актом согласования места зарыбления водоемов в трех экземплярах по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам не позднее, чем за два рабочих дня до их начала.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В зависимости от организатора государственного заказа по воспроизводству рыбных ресурсов, работы по зарыблению водоемов, проведенные государственными предприятиями или физическими и (или) юридическими лицами, принимаются комиссией, создаваемой территориальным подразделением или местным исполнительным органом.

      При создании комиссии территориальным подразделением в состав входят представители территориального подразделения (председатель комиссии), местного исполнительного органа, республиканской ассоциации общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства и научной организации.

      При создании комиссии местным исполнительным органом в состав входят представители местного исполнительного органа (председатель комиссии), территориального подразделения, республиканской ассоциации общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства и научной организации.

      Государственные предприятия, физические и юридические лица в целях открытости и прозрачности работ по зарыблению водоемов в рамках государственного заказа не менее чем за два рабочих дня до их начала приглашают граждан и представителей общественных организаций путем публикации объявления в периодических печатных изданиях и (или) социальных сетях.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Государственные предприятия, физические и юридические лица информируют территориальное подразделение (и) или местный исполнительный орган о предстоящих работах по зарыблению водоемов не менее чем за два рабочих дня до их начала.

      Территориальное подразделение и (или) местный исполнительный орган со дня получения информации от государственных предприятий, физических и юридических лиц, пользователей животным миром, субъектов информирует членов комиссии о предстоящих работах по зарыблению водоемов.".

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Брекешев

"Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29377 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірге бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдынына балық жіберу орнын айқындайды.

      Балық жіберу орнын соңғы келісу олардың басталуына кемінде екі жұмыс күні қалғанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.

      Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.

      Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар аумақтық бөлімшені және (немесе) жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше және (немесе) жергілікті атқарушы атқарушы мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев