Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 октября 2022 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 октября 2022 года № 30269

      В соответствии с пунктом 5 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания.

      2. Департаменту административно-правового обеспечения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (далее - Агентство) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Агентства.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель А. Иргалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Председатель
от 19 октября 2022 года № 4

Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок определения стоимости проведения исследований, оказания консалтинговых услуг и выполнения государственного задания при формировании бюджетной заявки Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (далее – Агентство) на очередной плановый период.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) исполнитель – юридическое лицо, выполняющее государственное задание Агентства по проведению исследований, оказанию консалтинговых услуг за счет средств республиканского бюджета;

      2) исследование – мероприятие, направленное на изучение и всесторонний анализ предмета с учетом зарубежного опыта, получение достоверных данных для их последующего использования в решении существующих проблем, а также выработку предложений для решения государственных задач и реализации государственной политики;

      3) консалтинговые услуги – услуги по определению и оценке проблем, возможностей, возникающих в процессе деятельности государственного органа либо по детальному анализу ситуации; по разработке эффективных рекомендаций по коррекции дальнейших действий для повышения финансовой и управленческой эффективности работы.

Глава 2. Порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

      3. При определении стоимости исследований, консалтинговой услуги и государственного задания (далее – услуги) учитываются прямые и косвенные расходы исполнителя, подтвержденные обосновывающими документами, которые указаны в расчете стоимости услуг согласно приложению к настоящим Правилам.

      4. К прямым расходам исполнителя относятся расходы, непосредственно связанные с оказанием услуги.

      К косвенным расходам исполнителя относятся расходы, необходимые для обеспечения деятельности исполнителя в целом, но не потребляемые непосредственно в процессе оказания услуги.

      Сумма косвенных расходов составляет не более 30 процентов от суммы бюджетных средств, выделенных на оказание услуг по каждой бюджетной подпрограмме на соответствующий финансовый год.

      5. Основой для проведения расчета определения стоимости услуги является прямой метод учета расходов.

      Стоимость услуг определяется по следующей формуле:

      Русл = Рп + Рк

      где,

      Русл – расходы на оказание услуги;

      Рп – прямые расходы;

      Рк – косвенные расходы.

      6. При определении стоимости услуг не учитываются расходы, не относящиеся к прямым и косвенным расходам исполнителя, а также не подтвержденные обосновывающими документами.

      7. В стоимость услуг за счет средств республиканского бюджета не включаются расходы на премиальные выплаты, проведение культурно-массовых мероприятий, представительские расходы.

      8. Исполнитель представляет заказчику в лице Агентства расчет стоимости услуг с обосновывающими документами при формировании бюджетной заявки на очередной плановый период.

  Приложение
к Правилам определения
стоимости исследований,
консалтинговых услуг и
государственного задания

      Расчет стоимости услуг

      ________________________________________________

      (наименование исполнителя услуги)

      ________________________________________________

      (наименование исследования, консалтинговой услуги, государственного задания) на 20 ___ год

      Наименование бюджетной программы, бюджетной подпрограммы

      ________________________________________________

№ п/п

Наименование статей расходов

Цена за единицу, в тенге

Количество

Сумма, в тенге

Краткое обоснование

1

2

3

4

5

6


ВСЕГО на 20___ год





1.

Прямые расходы:





1.1.

Фонд оплаты труда (заработная плата персонала, непосредственно участвующего в оказании услуги в соответствии со штатным расписанием)





1.2.

Налоги и другие обязательные платежи в бюджет, а также социальные отчисления и обязательное страхование работников от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей





1.3.

Командировочные расходы (персонала, непосредственно участвующего в оказании услуги в соответствии со штатным расписанием)





1.4.

Расходы на привлечение экспертов (соисполнителей) (не превышают в совокупности одной второй объема выполняемых работ или оказываемых услуг)





1.6.

Приобретение товаров и материалов (канцелярские товары и расходные материалы, дипломы и нагрудные знаки)





1.7.

Расходы на аренду помещения и эксплуатационные расходы





1.8.

Расходы на переводческие услуги, инфографику и типографские услуги





1.9.

Расходы по подключению к цифровым библиотекам и электронным базам данных





1.10.

Расходы на почтовую связь, интернет, телефонию (за исключением услуг сотовой связи), хостинг и домен, разработка и содержание интернет-ресурсов





1.11.

Расходы, связанные с публикацией материалов исследований





2.

Косвенные расходы:





2.1.

Заработная плата административно-управленческого персонала





2.2.

Налоги и другие обязательные платежи в бюджет, а также социальные отчисления





2.3.

Финансово-хозяйственные расходы (приобретение материалов, запасов, амортизация основных средств, налоги и сборы, оплата услуг связи, транспортных услуг, эксплуатационных услуг, командировочные расходы и расходы по повышению квалификации административных работников)





      Первый руководитель _________________ ____________________________
                                          (фамилия, имя, отчество) (при наличии)

      Главный бухгалтер _________________ ____________________________
                                          (фамилия, имя, отчество) (при наличии)

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 19 қазандағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30269 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Төраға
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 4 Бұйрығымен
бекітілген

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінің (бұдан әрі - Агенттік) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) орындаушы – Агенттіктің зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік тапсырмасын республикалық бюджет қаражаты есебінен орындайтын заңды тұлға;

      2) зерттеу – шетелдік тәжірибені ескере отырып, зерттеу нысанасын зерделеуге және жан-жақты талдауға, кейіннен бар проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған іс-шара;

      3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау жөніндегі; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін, одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтер.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

      3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің және мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес орындаушының көрсетілетін қызметтер құнының есебінде көрсетілген, негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.

      4. Орындаушының тікелей шығыстарына қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар жатады.

      Орындаушының жанама шығыстарына тұтастай орындаушының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ қызмет көрсету процесінде тікелей тұтынылмайтын шығыстар жатады.

      Жанама шығыстардың сомасы тиісті қаржы жылына арналған әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша қызметтер көрсетуге бөлінген бюджет қаражаты сомасының 30 пайызынан аспайды.

      5. Шығыстарды есепке алудың тікелей әдісі қызмет құнын айқындаудың есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.

      Қызметтер құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Рқыз = Рт + Рж

      мұнда,

      Рқыз – қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      Рт – тікелей шығыстар;

      Рж – жанама шығыстар.

      6. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде орындаушының тікелей және жанама шығыстарына жатпайтын, сондай-ақ негіздейтін құжаттармен расталмаған шығыстар ескерілмейді.

      7. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер құнына сыйлықақы төлемдеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар кірмейді.

      8. Орындаушы Агенттік тұлғасындағы Тапсырыс берушіге кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметтер құнының есебін негіздейтін құжаттарымен бірге ұсынады.

  Зерттеулердің, консалтингтік
көрсетілетін қызметтердің және
мемлекеттік тапсырманың
құнын айқындау қағидаларына
қосымша

      ________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті орындаушының атауы)

      ________________________________________________

      (зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың атауы) 20___ жылға арналған көрсетілетін қызметтер құнының есебі

      Бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның атауы

      ________________________________________________

№ р/с

Шығыстар баптарының атауы

1 бірліктің бағасы, теңгемен

Саны

Сомасы, теңгемен

Қысқаша негіздеме

1

2

3

4

5

6


20__ жылға БАРЛЫҒЫ





1.

Тікелей шығыстар:





1.1.

Еңбекақы төлеу қоры (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жалақысы)





1.2.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар және жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру





1.3.

Іссапар шығыстары (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың)





1.4.

Сарапшыларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға арналған шығыстар (жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бірінің көлемінен аспайды)





1.6.

Тауарлар мен материалдарды сатып алу (кеңсе тауарлары мен шығыс материалдары, дипломдар мен төсбелгілер)





1.7.

Үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар және пайдалану шығыстары





1.8.

Аударма қызметтеріне, инфографикаға және типографиялық қызметтерге арналған шығыстар





1.9.

Цифрлық кітапханаларға және электрондық дерекқорларға қосылу бойынша шығыстар





1.10.

Пошта байланысы, интернет, телефония (ұялы байланыс қызметтерін қоспағанда), хостинг және доменге, интернет-ресурстарды әзірлеуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстар





1.11.

Зерттеу материалдарын жариялаумен байланысты шығыстар





2.

Жанама шығыстар:





2.1.

Әкімшілік-басқару персоналының жалақысы





2.2.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар





2.3.

Қаржы-шаруашылық шығыстар (материалдарды, қорларды сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, салықтар мен алымдар, байланыс қызметтеріне, көлік қызметтеріне, пайдалану қызметтеріне ақы төлеу, іссапар шығыстары және әкімшілік жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстар)





      Бірінші басшы _________________ ________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі)       (болған жағдайда)

      Бас бухгалтер _________________ ________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі)       (болған жағдайда)