ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы
|
М. Абылкасымова
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 72 Қаулыға қосымша |
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7542 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
көрсетілген қаулымен бекітілген, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары:
мына мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарда көзделген.
Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.";
мына мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы өзі бұрын қабылдаған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға ұсынады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қағидалардың 3, 4-тармақтарының және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру холдингін өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушіге "жеке кабинетке" уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
2-қосымша Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларында, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарда:
мына мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.";
3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш және оған қоса берілетін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарда көрсетілген құжаттар уәкілетті органға портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.
4. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар пакеті тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың жарамдылық мерзімін тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені жағдайда анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішін одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттардың Қағидалардың 3-тарауында және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарландырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше тыңдауды дайындайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) уәкілетті органның Басқармасының қарауына енгізеді.
Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылданғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін "жеке кабинетке" уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген.";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу, күшін жою тәртібі";
14 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде оларға тиесілі ұйымның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесімен) иеліктен шығарады және иеліктен шығарған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде растаушы құжаттарды уәкілетті органға ұсынады.
15. Уәкілетті орган Заңның 32-бабының 13-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйым құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жояды.
Уәкілетті органнан бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы хабарламаны алған күннен кейінгі күннен бастап бұрын берілген рұқсаттың күші жойылған болып саналады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Заңның 32-бабы 13-1-тармағында көзделген негіздердің бірі туындаған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде уәкілетті органға еншілес ұйым құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға уәкілетті орган бұрын берген рұқсаттың күшін жою туралы өтінішхатпен жүгінеді.";
2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20254 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерден тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына берігеннен кейін рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса берумен www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады. ";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату туралы өзі бұрын қабылдаған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы хаттама жасаған және оған қол қойған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде уәкілетті органға осы Cақтандыру қызметі туралы заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспар ұсынады.
2-2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы өзі бұрын қабылдаған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде уәкілетті органға Cақтандыру қызметі туралы заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспар ұсынады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына бергеннен кейін рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса берумен портал арқылы электрондық түрде ұсынады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері, процестің сипаты, көрсету нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ескерілген өзге мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген.
Шет мемлекеттердің қаржылық қадағалау органы, құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс
Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және уәкілетті органға "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылып ұсынылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіз уәкілетті органның өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі не қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
9. Рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкес ескертулерді жою және пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хат жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жояды және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды портал арқылы ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының ескертулерді жою мерзіміне үзілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймаған жағдайда, уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартады.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
3-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары бектілсін.";
Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-1- қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттарында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:
мынадай мазмұндағы 1-1- тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.";
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз уәкілетті органның Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын құруға рұқсат беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.
4. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келу толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисін көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мынадай құжаттарда көрсетілген:
Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резидент- жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын;
Қазақстан Республикасының резидент- заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.
5. Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген.";
1-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.";
8-тармақ мынадай редакцияда:
"8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган 43 (қырық үш) жұмыс күні ішінде оларды Заңның 16-4, 30-1-баптарының және Қағидалардың 4, 12-тармақтарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз тасымалдағышта (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері қағаз тасымалдағышта өтініш берген кезде) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
2-қосымша Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.";
9-тармақ мынадай редакцияда:
"9. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтініш келіп түскен күні оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының және Қағидалардың 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкестігін қарайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған жағдайда, уәкілетті орган қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз пікірін білдіруі үшін тыңдаудың өту уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде 3 (үш) күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша, жауапты тұлға тыңдаудан кейін бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензия беруден бас тартуды дайындайды, көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті органында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) қол қояды.
Жауапты бөлімшенің қызметкері "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру (беруден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген:
1) "Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру;
2) "Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру";
3) "Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру";
4) "Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру";
5) "Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарға сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қояды және оны сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.
Бизнес-жоспар сақтандырудың қосымша сыныбын (сыныптарын) (жалпы сақтандыру ұйымының қызметі бойынша) ескере отырып:
1) "жалпы сақтандыру" саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға – егер сақтандырудың қосымша (қосымша) сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін жүгінген күні, бұрын Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан аз уақыт қалған жағдайда;
2) Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзімнің соңына дейінгі кезеңге – егер сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш жасаған жағдайда, ол жасалған мерзім аяқталғанға дейін екі жылдан кешіктірмей Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалады және әзірленеді.
Заңның 27-бабына сәйкес бизнес-жоспарда талап етілетін ақпаратқа қосымша, бизнес-жоспарда мынадай ақпарат бар:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру сыныбы шеңберінде сақтандыру өнімдерін өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары (әрбір сақтандырудың қосымша сыныбы бойынша);
2) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген, талаптарға сәйкес келетін, экономикалық негіздемемен сақтандыру тарифтерін есептеу (әрбір сақтандырудың қосымша сыныбы бойынша);
3) кірістер, шығыстар туралы болжам (жалпы сақтандыру ұйымы қызметі бойынша);
4) сақтандыру резервтері туралы болжам (жалпы сақтандыру және сақтандыру портфелінің қосымша сыныбы бойынша);
5) шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы (жалпы сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);
6) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);
7) инвестициялық саясат (жалпы сақтандыру ұйымы қызметі бойынша).
Инвестициялық саясат жөніндегі ақпаратта мынадай:
1) инвестициялау мақсаттары;
2) инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру;
3) активтердің түріне, сондай-ақ сырттан қаражат тартуға қарай инвестициялық шектеулер;
4) ұйымның инвестициялық саясатқа жауапты адамдары туралы мәліметтер ашып көрсетіледі.
Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бөлінісінде бір бизнес-жоспар ұсынылады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуды дайындайды, қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі).
Жауапты бөлімшенің қызметкері "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
17. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызмет көрсетушінің қызметкері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің, "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" 8-тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің келуінің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, қызметті көрсетуші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының, Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуды дайындайды, қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі).
Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";
5-қосымша Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша Тізбеге 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымша Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-қосымша Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Жоқ
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган - Кодекс пен Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметті алушылан талап етілетін құжаттар тізбесі және мәліметтер
|
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) болжанып отырған ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;
2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптарының, сақталуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптардың бұзылуы;
3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
6) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға 2-қосымша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электронды (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру туралы хабарлама не уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;
2) Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) холдингінің қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, ұйымдардың капиталындағы қайта сақтандыру ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым мөлшерлемесі 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрзидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган - Кодекс пен Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі және мәліметтер
|
1. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:
1) банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі (сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті тұлға) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің немесе Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфель басқарушысының еншілес ұйымын иеленген немесе құрған кезде:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Қағидаларға) 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын иеленген немесе құрған кезде:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда);
бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар;
3) өзге жағдайларда:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
иеленген еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылындағы, аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында есептілік болмаған жағдайда);
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда);
өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы, электрондық құжат нысанындағы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде, сақтандыру тобына қатысушылар - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орналасқан елдердің заңнамасының оларға және сақтандыру тобына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген электрондық құжат түріндегі талаптарды орындауға мүмкіндік бермеуіне байланысты, сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізуге мүмкін емес екенін болжайтын жағдайлардың болмауы туралы ақпарат;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшы қызметкерлер (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар. Егер құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі осы ұйымдардың капиталында қомақты үлесті иеленсе, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға өтінішпен бірге "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заңы) 26-бабының, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының талаптарына сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға құжаттар ұсынылады.
2. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін:
1) банк холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуы бар банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі (сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті тұлға) банкті немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-инвестициялық портфельді басқарушыны иеленген жағдайда:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптармен бекітілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өзге жағдайларда:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптармен бекітілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
еншілес ұйымды құру туралы шешім қабылданған не еншілес ұйым сатып алған жағдайда оны сатып алу туралы шешімнің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәлімет болмаған кезде);
еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде, сақтандыру тобына қатысушылар - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орналасқан елдердің заңнамасы оларға және сақтандыру тобына заңнаманы сақтауға мүмкіндік бермегендіктен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін еместігін болжайтын жағдайлардың болмауы туралы ақпарат электрондық құжат нысанындағы талаптар;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (инвестициялық портфелді басқарушының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда ұсынылмайды) басшы қызметкерлер (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
өтініш берушінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған кезде);
Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы заңды тұлға туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан түрінде ұйымның капиталында қомақты қатысуды алады (бірнеше заңды тұлғалардан қомақты қатысуды иеленген жағдайда).
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) Сақтандыру қызметі туралы заңның 32-бабында көрсетілген талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы;
2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйымы орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымының басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың):
мінсіз іскерлік беделі жоқ, оның болмау өлшемшарттары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабының 7-тармағына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 7-тармағына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 54-бабының 6-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде белгіленген;
басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген.
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
басшы лауазымға оны келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжанатын болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйымы қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық ахуалының нашарлауы болжанатын қаржылық салдардың талдамасы;
6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымының қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
7) еншілес ұйымы орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
8) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы
10) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы
|
10.
|
Мемлекеттік, қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иемденуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларына 3-қосмыша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Порталға жүгінген және барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) ай ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда уәкілетті орган өтінішхат тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде - уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы хабарлама не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама.
2) Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарлама не уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган - Кодекс пен Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі мен мәліметтер
|
Көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатқа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы есептер;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) филиалына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ерікті таратуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатқа қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын куәландыратын электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22322 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 наурыздағы № 24 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу туралы есептер;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) филиалына беру туралы шарттың электрондық көшірмесі.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын болжамды ерікті тарату немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;
2) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелер бойынша есеп айырысу үшін қаражатының жеткіліксіздігі;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттараы бойынша міндетиемелердің болуы;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысына 3-1 қосымша |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтарып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 37-бабының 17-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтарып алу тәртібін айқындайды.
Қағидалардың ережелері Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қатысты қолданылады.
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтарып алу тәртібі
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелі берілгеннен соң, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін лицензияны ерікті түрде қайтару туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.
3. Өтінішке қоса мына құжаттар ұсынылады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешімі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар;
3) өтініш жіберілген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасы және олардың туындау негіздері көрсетілген ақпарат беріледі.
4. Қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
5. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады
6. Өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер болатын болса, уәкілетті орган оларды жою және пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хат жібереді. Өтініш беруші ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органның өтінішті қарау мерзімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ескертулерді жою мерзіміне қарай уақытша тоқтатылады.
7. Уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензияның қағаз тасымалдағышта берілген түпнұсқасын уәкілетті органға қайтарады.
8. Уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға кез келген тілдегі атауынан "сақтандыру", "қайта сақтандыру", "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы" деген сөздерді немесе оның өз атынан сақтандыру не қайта сақтандыру операцияларын жүргізетінін білдіретін, олардан туындайтын сөздерді алып тастау бөлігінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабарлайды.
9. Мына жағдайларда уәкілетті орган лицензияның қолданысын тоқтатудан бас тартады:
1) құжаттардың толық топтамасының ұсынылмауы;
2) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша ескертулердің жойылмауы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы шарттар мен міндеттемелердің болуы.
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларына және шарттарына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтініш
кімге
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
кімнен
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлғаның атауы,
заңды тұлға, жеке тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің құрылтайшылар атынан осы өтінішті беруге өкілеттіктерін
растайтын нотариалды түрде немесе өзге де жолмен куәландырылған құжат
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны және оның атқаратын лауазымы, тұратын жері,
заңды мекенжайы)
өтініш беруші-заңды тұлғаның уәкілетті органының "___" ____________ж.
№ __ хаттамасына (шешіміне) сәйкес: __
(жеке-дара шешім қабылдайтын жеке тұлға үшін талап етілмейді)
1)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы мен
орналасқан жері) ашуға рұқсат беруді;
Келесі тармақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға ниет білдірген жағдайда толтырылады:
2)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлғаның атауы
(ол бар болса)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруді;
(қажетін таңдау керек)
Келесі тармақ еншілес ұйымды құруға немесе капиталға қомақты қатысуға рұқсат алуға
ниет білдірген жағдайда толтырылады:
3)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлғаның атауы
(ол бар болса)
еншілес ұйымды құруға немесе капиталға қомақты қатысуға
____________________________________________________________________
(қажетін таңдау керек) рұқсат беруді сұрайды.
____________________________________________________________________;
(ашылатын сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының атауы (қажет болатын
жағдайда толтырылады)
Акциялар сатып алу үшін қолданылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса
алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялар сатып алу талаптары мен
тәртібі туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1) мекенжайы (орналасқан жері)
____________________________________________________________________
(пошталық мекенжайы)
2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес - сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________;
3) электрондық поштасы _________________________________________;
4) телефоны ____________________________________________________;
5) өтініш беруші заңды тұлғаның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және
лауазымы ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қызмет бағыты: _________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандыру саласын, сыныптарын және түрлерін көрсету)
Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұралатын ақпаратты уәкілетті органға уақтылы ұсынылғанын растайды (растайды).
Құрылтайшы (құрылтайшылар) дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді (ұсынады).
(өтініш берушінің (өтініш беруші – заңды тұлға өкілінің) электрондық цифрлық қолтаңбасы (өтініш берушінің (өтініш беруші – заңды тұлға өкілінің) электрондық цифрлық қолтаңбасы)
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларына және шарттарына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 2-қосымша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі " Құруға рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" кіші түрі бойынша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Құруға рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
|
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты қоса беру арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама немесе уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысын қоса беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган - Кодекс пен Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтініш;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешімдер қабылдау туралы куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын ақша көздері мен сомаларының сипаттамасын қоса алғанда, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрылтайшы жеке тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері (осындай құрылтайшылар болған кезде). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 6-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген қаражат болып табылады;
4) соңғы аяқталған екі қаржы жылындағы аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігін, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты және пайда мен зиян туралы есепті қоса алғанда, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері (осындай құрылтайшылар болған кезде).
Соңғы аяқталған екі қаржы жылындағы қаржылық есептілік осы есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда ұсынылмайды;
5) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленген бизнес жоспардың электрондық көшірмесі;
6) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің елінің сақтандыруды қадағалау органының өтініш берушіге Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат берілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі не осындай рұқсаттың қажет емес екені туралы өтініш (Қазақстан Республикасының бейрезидент-құрылтайшылары үшін).
7) өтініш берушіге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін, еншілес ұйымды құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленуге рұқсат алу қажет болған жағдайда, Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер:
1) ұсынылған құжаттардың Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында сәйкес болмауы не уәкілетті органның ол белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймау;
2) құрылтайшының акцияларға ақы төлеуге меншікті қаражатының жетіспеуі;
3) уәкілетті органға құрылатын ұйымға және оның құрылтайшыларына қатысты шынайы емес ақпарат беру;
4) құрылтайшының екі соңғы аяқталған қаржы жылы үшін зиян шеккен қызметі;
5) уәкілетті органның Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту;
6) Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
7) жеке тұлға құрылтайшы не заңды тұлға құрылтайшының атқарушы органының, басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы.
10) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz.порталда орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталы арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 7-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларына және шарттарына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 5-қосымша |
Нысан
Құрылтайшы (заңды тұлға) туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы
1. Құрылтайшы _________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы))
2. Заңды мекенжайы және нақты орналасқан мекенжайы
____________________________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін қоса бере
отырып,мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
(Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы үшін)
____________________________________________________________________
(күні, тіркеу органының орны, атауы))
4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
____________________________________________________________________
5. Қызмет түрі
____________________________________________________________________
(қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
6. Құрылтайшының атқарушы органының бірінші басшысы
(атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
7. Құрылтайшының басқару органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
8. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жыл ішінде құрылтайшыда ірі қаржылық проблемалар,
оның ішінде банкроттық, консервация, сауықтыру болды ма
____________________________________________________________________
(олардың туындау себептері, осы мәселелерді шешу нәтижелері)
9. Құрылтайшы тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталына
қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан да көп пайызына тікелей және (немесе) жанама ие
болатын ұйымдар туралы мәліметтер:
№
|
Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін атап көрсету)
|
Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы-заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
10. Құрылтайшыда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен тізбесі белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі берген рейтингінің болуы туралы мәліметтер: _____________________________.
11. Құрылтайшының атқарушы органының бірінші басшысында (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғада) азаматтық алған елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтық алған елінің (тұрғылықты тұратын елінің – азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не құрылтайшы - жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(иә, жоқ)
Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оны қолданудың өзге мерзімі көзделмеген жағдайда). Бұл құжатты азаматтық алған елінің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) тиісті органы уәкілетті органға жауап және атқарушы органның бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (азаматтығы жоқ шетелдік үшін) жіберу арқылы береді.
12. Құрылтайшының басқару органының бірінші басшысында азаматтық алған елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтық алған елінің (тұрғылықты тұратын елінің – азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не құрылтайшы - жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(иә, жоқ)
Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оны қолданудың өзге мерзімі көзделмеген жағдайда). Бұл құжатты азаматтық алған елінің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) тиісті органы уәкілетті органға жауап және құрылтайшының басқару органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (азаматтығы жоқ шетелдік үшін) жіберу арқылы береді.
Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Құрылтайшы басшысының қолы ______________________
Күні ______________
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 8-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларына, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарға 2-қосымша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу" кіші түрі бойынша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
|
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты қоса беру арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама немесе уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысын қоса беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган - Кодекс пен Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш;
2) Қазақстан Республикасының березидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ереже жобасының электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
5) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтердің, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржы жылының (бар болса шоғырландырылған есепті қоса алғанда) қаржылық есептілігін ұсына отырып, электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ұйымдық құрылымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі бұрыштама қойған құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлға бекіткен, "жалпы сақтандыру" саласында ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін таяудағы үш жылға әзірленген және "өмірді сақтандыру" саласында ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін бес жылға әзірленетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын тұлғалар құжаттарының электрондық көшірмелері;
9) бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің өтініш берілген күнгі ең аз талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
10) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылықтарының жоқтығы туралы жазбаша хабарламасының не резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініштің электрондық көшірмесі талап етілмейді;
11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензияның бар екендігі туралы жазбаша растауының электрондық көшірмесі;
12) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді өтініш табыс етілгенге дейінгі екі жыл ішінде бұзушылықтардың жоқ екендігі туралы жазбаша растауының электрондық көшірмесі;
13) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін филиалының қызметіне байланысты міндеттемелерді филиал тарапынан орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, оларды сөзсіз, дереу орындауы туралы жазбаша міндеттемесінің электрондық көшірмесі;
14) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы лицензиясының электрондық көшірмесі;
15) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын есептік тіркеуге арналған құжаттардың электрондық көшірмелері;
16) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған құжаттардың Заңның 30-1-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы;
4) Заңның 30-1-бабы 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;
5) Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы атауының Заңның 23-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі
7) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты дәйексіз ақпарат ұсынуы.
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz.порталда орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 9-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларына, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарға 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Жоқ
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –портал);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты қоса беру арқылы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама немесе уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық/қағаз түрінде.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда электрондық құжат түрінде);
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ереженің жобасы (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі);
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) (құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда олардың электрондық көшірмелері);
5) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржы жылының (бар болса, шоғырландырылған есепті қоса алғанда) үшін қаржылық есептілікті ұсына отырып, мәліметтер;
Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті (бар болса, шоғырландырылған есепті қоса алғанда) ұсына отырып;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда олардың электрондық көшірмелері);
7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда олардың электрондық көшірмелері);
8) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға қарсылықтарының жоқтығы туралы жазбаша хабарламасы не резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініш (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда олардың электрондық көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның бар екендігі туралы жазбаша растамасы (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі);
10) резиденті Қазақстан Республикасының березидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруды реттейтін заңнама талаптарының өтініш берілгенге дейін екі жыл ішінде бұзылмауы туралы жазбаша растамасы (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі);
11) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтайшысының (құрылтайшыларының) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін соттылығы жоқ екендігі, сондай-ақ құрылтайшы (құрылтайшылар) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері мемлекетінің басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырмағандығы туралы жазбаша растамасы (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі). Көрсетілген талап лицензиядан айырғаннан кейін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады.
12) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі);
13) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-2-бабында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалын есептік тіркеуге құжаттар (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда олардың электрондық көшірмелері);
14) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруге алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі (құжаттар портал арқылы ұсынылған жағдайда оның электрондық көшірмесі).
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) ұсынылған құжаттардың "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 16-4-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
3) Заңның 16-4-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында белгіленген талаптардың сақталмауы;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы атауының Заңның 16-4-бабының 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне қатысты дәйексіз ақпарат беру.
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталда орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 10-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 5-қосымша |
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін.
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру.
Ауру жағдайына арналған сақтандыру.
Автомобиль көлігін сақтандыру.
Теміржол көлігін сақтандыру.
Әуе көлігін сақтандыру.
Су көлігін сақтандыру.
Жүктерді сақтандыру.
Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3), 4), 5), 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті нұқсаннан сақтандыру.
Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сынып-тарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру.
Ипотекалық сақтандыру.
Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру.
Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру.
Өзге де қаржылық залалдардан сақтандыру.
Титулдық сақтандыру.
Сот шығыстарын сақтандыру.
Ғарыш объектілерін сақтан-дыру.
Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін.
Жалпы сақтандыру "саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін".
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін, Жазатайым оқиғалардан сақтандыру, Ауру жағдайына арналған сақтандыру, Автомобиль көлігін, Теміржол көлігін сақтандыру, Әуе көлігін сақтандыру, Су көлігін сақтандыру, Жүктерді сақтандыру, Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3), 4), 5), 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті нұқсаннан сақтандыру, Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сынып-тарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру, Ипотекалық сақтандыру, Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру, Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру, Өзге де қаржылық залалдардан сақтандыру, Титулдық сақтандыру, Сот шығыстарын сақтандыру, Ғарыш объектілерін сақтан-дыру, Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, Жалпы сақтандыру "саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін" - қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3) Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2) "жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметті жүргізуге лицензия беру үшін - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;
3) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беруі үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалының жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) Заңның 37-бабының 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органымен бекітілген бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. "Жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органымен бекітілген бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3)сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылғаның және (немесе) сақтандыру портфелін Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен беруді растайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі.
Уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде тек өтінішті және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
5. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатның электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
|
9.
|
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамауы;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкердің келіспеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалы үшін); тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынған;
6) лицензиялық алым төленбеген;
7) Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру бойынша талапты орындамау;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау жөніндегі органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның болмауы;
9Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері арасында кемінде екі Қазақстан Республикасының резиденті басшы қызметкерлерінің болуы тұрғысынан Заңның 34-бабында көрсетілген талапты сақтамау;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13)"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
|
|
Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 11-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 6-қосымша |
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін.
"Өмірді сақтандыру"саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
Өмірді сақтандыру.
Аннуитеттік сақтандыру.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқаны алу үшін.
"Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру.
"Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
|
1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі" туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, "Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Өмірді сақтандыру, Аннуитеттік сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру - қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3) Телнұсқаны алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық түрде.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (сақтандырудың әрбір сыныбы үшін жеке);
2) "өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;
3) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия бергені үшін алынатын алым ставкасының 10 (он) пайызы.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы заң) сәйкес, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) Заңның 37-бабының 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органымен бекітілген бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. "Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органымен бекітілген бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелін осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен берілгенін растайтын құжаттар;
4) лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімінің көшірмесі.
Уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде тек өтініш және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
5. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
|
9.
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері
|
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) Заңның 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұйғарымының негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталда орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алуы шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
|
|
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 12-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 7-қосымша |
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру.
Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру.
Туристі міндетті сақтандыру.
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру.
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.
Мiндетті экологиялық сақтандыру.
Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін.
Міндетті сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.
Міндетті сақтандырудың түрлері бойынша қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде; қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру, Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру, Туристі міндетті сақтандыру, Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру, Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Мiндетті экологиялық сақтандыру, Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін, Міндетті сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, Міндетті сақтандырудың түрлері бойынша қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін - қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қолданыстағы лицензиядан алып тастау үшін таңдап алынған (таңдалған) сыныпты қоспағанда, бұрын берілген сыныптар бойынша лицензия алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптарының шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) Заңның 37-бабы 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген, сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен қол қойған бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылғанда және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайда, Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттар;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері жалпы жиналысының сақтандырудың жекелеген сыныптарынан және (немесе) қызмет түрінен шығару туралы шешімінің көшірмесін.
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде, тек өтінішті ұсыну және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
4. Телнұсқаны алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттардың сервисінен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта ашылатын филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) Заңның 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу шеңберінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
|
|
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 13-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 8-қосымша |
"Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде; қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі (өтініш "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес берілген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін - қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3) Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін алым - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым - лицензияны бергені үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электронды құжаттың нысанында өтініш;
2) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген, сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен қол қойған бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжаттың нысанында өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін.
3. Телнұсқа (егер бұған дейін берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) алу үшін:
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттардың сервисінен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта ашылатын филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) Заңның 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу шеңберінде қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
|
|
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 14-қосымша |
|
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларына, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарға 9-қосымша |
"Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
Құқығына лицензия алу үшін сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру сақтандыру брокері.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің жаңадан ашылған филиалының сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін.
Брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Кіші түрлері бойынша:
1) Құқығына лицензия алу үшін сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің жаңадан ашылған филиалының сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін, Брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін - Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қолданыстағы лицензиядан алып тастау үшін таңдап алынған (таңдап алынған) сыныпты (түрлерді) қоспағанда, бұрын берілген сыныптар бойынша лицензия алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру брокерінің қызметімен айналысуға лицензия беру үшін алым - 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым – лицензия берген үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруы құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электронды құжаттың нысанында өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының электрондық көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған);
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін келісу құжаттары;
6) құрылтайшы-Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілетіні туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржы ұйымдары үшін - қадағалау органдарының) мемлекеттік тіркеу туралы құжатының, жазбаша хабарламасының не тиісті мемлекетінің заңнамасы бойынша ондай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдеменің электрондық көшірмелері;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айырылған, мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жылдан артық емес кезеңде құрылтайшы – Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде соттылығының жоқ екендігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органы құжатының электрондық көшірмесі. Көрсетілген талап лицензиядан айырғаннан кейін, мәжбүрлеп тарату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің қайта ашылған филиалы сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы брокерлік қызмет түрлері шеңберінде лицензия беруге өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
3. Брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжаттың нысанында өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төменгі мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерге сәйкес келуін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы үшін).
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжаттың нысанында өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау туралы сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің басқару органы) қатысушыларының жалпы жиналысы не акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі.
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде, тек өтінішті ұсыну және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
5. Телнұсқаны алу үшін (егер бұған дейін берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттардың сервисінен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме
|
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру брокері, ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы үшін);
4) Заңның 34-бабы 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру талаптарына орындамау;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
6) заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
7) лицензиялық алымның төленбеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
9) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
10) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
|