О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 1 ноября 2013 года № 859 "Об утверждении Правил оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 28 декабря 2022 года № 754. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 января 2023 года № 31605

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 1 ноября 2013 года № 859 "Об утверждении Правил оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8950) следующие изменения:

      в Правилах оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. При перевозке лиц с инвалидностью используются легковые автомобили, соответствующие требованиям национального стандарта Республики Казахстан СТ РК 2272-2020 "Услуги автотранспортные по пассажирским перевозкам такси", а также автобусы и микроавтобусы, соответствующие требованиям национального стандарта Республики Казахстан СТ РК 2273-2020 "Услуги автотранспортные по регулярным и нерегулярным пассажирским перевозкам".";

      пункты 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 и 17 исключить;

      пункты 19, 20 и 21 исключить.

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

"Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 754 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31605 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларында:

      4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау кезінде "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автомобильдер, сондай-ақ "Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2273-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.";

      5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар алынып тасталсын;

      19, 20 және 21-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі