О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Астаны от 22 июня 2015 года № 12-1035 "Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения"

Постановление акимата города Нур-Султана от 25 апреля 2022 года № 512-1222. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 мая 2022 года № 27861.

      Акимат города Нур-Султан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 22 июня 2015 года № 12-1035 "Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 926) следующие изменение и дополнения:

      в приложении к указанному постановлению:

      раздел "Район "Алматы" дополнить строкой 1-1 следующего содержания:

      "

1-1.

ИП "Paidaly kitaptar"

город Нур-Султан, улица Ахмет Байтұрсынұлы, дом № 47

      ";

      раздел "Район "Есиль" дополнить строкой 9-1 следующего содержания:

      "

9-1.

ТОО "Кемеңгер Медиа Груп"

город Нур-Султан, улица Е-757, дом № 7

      ";

      в разделе "Район "Сарыарка" строку, порядковый номер 12, исключить.

      2. Руководителю государственного учреждения "Управление по делам религий города Нур-Султан" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Нур-Султан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Нур-Султан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Нур-Султан А. Кульгинов

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 512-1222 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27861 болып тіркелді

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 926 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасында:

      "Алматы" ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы 1-1-жолмен толықтырылсын:

      "

1-1.

ЖК "Paidaly kitaptar"

Нұр-Сұлтан қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, № 47 үй

  ";

      "Есіл" ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы 9-1-жолмен толықтырылсын:

      "

9-1.

"Кемеңгер Медиа Груп" ЖШС

Нұр-Сұлтан қаласы, Е-757 көшесі, № 7 үй

  ";

      "Сарыарқа" ауданы" бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Кульгинов