Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим и его описание

Постановление акимата Актюбинской области от 28 марта 2022 года № 80. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2022 года № 27363

      Сноска. Заголовок постановления - в редакции постановления акимата Актюбинской области от 14.07.2023 № 179 (вводится в действие после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим и его описание.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Актюбинской области от 14.07.2023 № 179 (вводится в действие после дня первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин

  Утверждены постановлением
акимата Актюбинской области
от 28 марта 2022 года № 80

Правила выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим и его описание

      Сноска. Правила - в редакции постановления акимата Актюбинской области от 14.07.2023 № 179 (вводится в действие после дня первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим и его описание (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим (далее - государственные служащие) и его описание.

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее - служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Служебное удостоверение без соответствующего оформления, с истекшим сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение заместителям акима области, руководителю аппарата акима области, акимам города областного значения и районов области выдается за подписью акима области.

      5. Служебное удостоверение выдается государственному служащему при назначении на должность, изменении должности, смене фамилии, имени, отчества (при наличии), по истечении срока, утери, а также порчи ранее выданного служебного удостоверения.

      Служебное удостоверение выдается сроком на 4 года.

      За полученное служебное удостоверение государственные служащие расписываются в журнале учета выдачи, возврата служебных удостоверений государственных служащих по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      6. При вручении служебного удостоверения государственному служащему сотрудник единой службы управления персоналом аппарата акима Актюбинской области проводит устные разъяснения по его пользованию и порядку его хранения.

      При замене служебного удостоверения в случаях, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником единой службы управления персоналом аппарата акима Актюбинской области ответственным за выдачу служебного удостоверения.

      7. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель единой службы управления персоналом аппарата акима Актюбинской области.

      8. В случае утери или порчи служебного удостоверения его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме единую службу управления персоналом аппарата акима Актюбинской области.

      9. При увольнении государственный служащий сдает служебное удостоверение в единую службу управления персоналом аппарата акима Актюбинской области не позднее последнего рабочего дня.

      10. Служебные удостоверения, сданные государственными служащими, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

Глава 3. Описание служебного удостоверения

      11. Обложка служебного удостоверения состоит из кожи или кожзаменителя высокого качества синего цвета, размером 19 х 6,5 сантиметра (в развернутом состоянии).

      12. На лицевой стороне служебного удостоверения (в свернутом состоянии) по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом размещена надпись "КУӘЛІК - УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      13. На внутренней стороне служебного удостоверения изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге.

      14. В верхней части служебного удостоверения размещены надписи "АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ", "АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ".

      15. На левой стороне служебного удостоверения цветная фотография размером 3 х 4 сантиметра, номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность на государственном языке, заверенный подписью акима области и гербовой печатью.

      16. На правой стороне служебного удостоверения изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН", номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность на русском языке.

      Ниже указывается срок действия служебного удостоверения.

  Приложение к Правилам выдачи
служебного удостоверения
политическим государственным
служащим и его описание

Журнал учета выдачи, возврата служебных удостоверений государственных служащих

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Номер служебного удостоверения

Дата выдачи

Подпись лица, кому выдано

Дата сдачи

Подпись лица, кто сдал

Дата и номер акта об уничтожении










      Примечание: Журнал учета выдачи, возврата служебных удостоверений государственных служащих прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется печатью.

Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 сәуірде № 27363 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 14.07.2023 № 179 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 14.07.2023 № 179 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 80 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 14.07.2023 № 179 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси қызметшілеріне (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, облыстық маңызы бар қала және облыс аудандарының әкімдеріне облыс әкімінің қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшіге лауазымға тағайындалған, лауазымы өзгерген, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ауысқан, мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бұрын берілген қызметтік куәлік бүлінген кезде беріледі.

      Қызметтік куәлік 4 жыл мерзімге беріледі.

      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналына қол қояды.

      6. Мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсыру кезінде Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметінің қызметкері оны пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкері алып қояды.

      7. Қызметтік куәліктерді толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы жүзеге асырады.

      8. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметіне жазбаша (ерікті) нысанда хабарлайды.

      9. Жұмыстан босатылған кезде мемлекеттік қызметші соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік куәлікті Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметіне тапсырады.

      10. Мемлекеттік қызметшілер тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

3-тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      11. Қызметтік куәліктің мұқабасының мөлшері 19 х 6,5 сантиметр (ашылған күйінде), көк түсті жоғары сапалы былғарыдан немесе жасанды былғарыдан тұрады.

      12. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен "КУӘЛІК - УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген жазу орналасқан.

      13. Қызметтік куәліктің ішкі жағында жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.

      14. Қызметтік куәліктің жоғарғы бөлігінде "АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ", "АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ" деген жазулар орналастырылған.

      15. Қызметтік куәліктің сол жағында мөлшері 3 х 4 сантиметр түрлі-түсті фотосурет, қызметтік куәліктің нөмірі, облыс әкімінің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы.

      16. Қызметтік куәліктің оң жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу, қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы орыс тілінде.

      Төменде қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

  Мемлекеттік саяси
қызметшілеріне қызметтік
куәлік беру қағидалары және
оның сипаттамасына қосымша

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Берілген тұлғаның қолы

Тапсыру күні

Тапсырған тұлғаның қолы

Жою актісінің күнi және нөмірі










      Ескертпе: Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мөрімен расталады.