Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2022 год

Решение маслихата города Семей области Абай от 14 сентября 2022 года № 31/226-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 сентября 2022 года № 29679

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" маслихат города Семей РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2022 год в сумме 35 тенге за один квадратный метр ежемесячно.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата Б. Акжалов

2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 31/226-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29679 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1 тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері ай сайын бір шаршы метрге 35 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Акжалов