О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 17 августа 2018 года № 228 "Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогообложения"

Решение Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 23 сентября 2022 года № 183. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 сентября 2022 года № 29890

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каражалского городского маслихата "Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогообложения" от 17 августа 2018 года №228 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4956) следующие изменения:

      заголовок решения изложить в новой редакции:

      "Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем и о корректировке базовых ставок земельного налога";

      преамбулу решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 8 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 510 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" РЕШИЛ:";

      пункт 2 решения изложить в новой редакции:

      "2. Повысить или понизить ставки земельного налога, установленных статьями 505, 506 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" согласно приложению 3.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата З. Оспанова

Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 183 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте № 29890 болып тіркелді

      ШЕШТI:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4956 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы";

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес ШЕШТІ:";

      шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506–баптарында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері 3-қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын немесе төмендетілсін.".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова