Об установлении тарифа на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Каратальского района

Постановление акимата Каратальского района области Жетісу от 7 октября 2022 года № 385. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 октября 2022 года № 30131

      В соответствии с подпунктом 9) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 19 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", акимат Каратальского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить тариф на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Каратальского района в размере 80 (восемьдесят) тенге.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Каратальского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Каратальского района Е. Исабеков
      "СОГЛАСОВАНО"
      Каратальский районный маслихат

Қаратал ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 385 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 13 қазанда № 30131 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауданының әкімі Е. Исабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қаратал аудандық мәслихаты