О внесении изменений в решение маслихата от 27 октября 2021 года № 66 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Камыстинском районе"

Решение маслихата Камыстинского района Костанайской области от 15 июля 2022 года № 152. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2022 года № 28844

      Камыстинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Камыстинском районе" от 27 октября 2021 года № 66 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25079) следующие изменения:

      пункты 6, 7 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

      "6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение на дому детям с ограниченными возможностями из числа инвалидов предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоворение кандаса.

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану равен восьми месячным расчетным показателям на каждого ребенка-инвалида в месяц.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Камыстинского районного маслихата С. Кстаубаева

Мәслихаттың 2021 жылғы 27 қазандағы № 66 "Қамысты ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 152 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 шілдеде № 28844 болып тіркелді

      Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қамысты ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 27 қазандағы № 66 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 25079 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 6, 7-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға айына сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева