О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/2-VI "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску"

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 17 мая 2022 года № 22/3-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 мая 2022 года № 28120

      Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/2-VI "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6248) следующие изменения:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Определить размер жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску:

      10% от суммы займа, но не более 1,5 миллиона (один миллион пятьсот тысяч) тенге в виде социальной помощи,

      10% от суммы займа, но не более 1,5 миллиона (один миллион пятьсот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.";

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Определить категории получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску:

      1) социально-уязвимые слои населения, состоящие в очередности граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде:

      ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветераны боевых действий на территории других государств;

      семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов;

      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы;

      многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа",
"Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка;

      неполные семьи;

      2) осуществляющие трудовую деятельность в государственных учреждениях и государственных предприятиях, подведомственных акиматам области, города, и состоящие в очередности граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде:

      педагогические работники в организациях образования;

      медицинские работники в организациях здравоохранения;

      работники организаций социального обеспечения, участвующие в оказании специальных социальных услуг;

      профильные работники организаций культуры и спорта.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Усть-Каменогорского
городского маслихата
А. Светаш


Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 мамырда № 28120 болып тіркелді

      Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

       1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;

      2) әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары айқындалсын:

      1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары:

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

      кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде олардың жасы мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      толық емес отбасылар;

       2) облыс, қала әкімдіктеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек қызметін жүзеге асыратын және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған:

      білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;

      мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының
хатшысы
А. Светаш