Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 января 2023 года № 9. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2023 года № 31740.

      В соответствии с подпунктом 9-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств.

      2. Комитету культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Оралов

  Утверждены приказом
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 20 января 2023 года № 9

Правила по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 9-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" и определяют порядок по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) культурное мероприятие – мероприятие, связанное с созданием, возрождением, сохранением, охраной, развитием, распространением и использованием культурных и духовных ценностей, направленное на гармоничное развитие личности, воспитание патриотизма и удовлетворение эстетических потребностей и интересов каждого человека;

      2) социально значимые мероприятия в области культуры – мероприятия по проведению памятных и юбилейных дат, дней культуры, фестивалей, смотров, конкурсов, выставок и увековечению памяти видных деятелей государства на международном, республиканском и местном уровнях;

      3) уполномоченный орган в области культуры (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области культуры.

Глава 2. Порядок по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

      3. Тематические направления социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств, определяются исходя из Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан", постановления Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 1999 года № 1465 "О праздновании юбилеев и памятных дат", приказа Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 "Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6923).

      4. Тематические направления социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств, определяются в текущем календарном году на соответствующий плановый период.

      5. Тематические направления социально значимых мероприятий в области культуры в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств, определяются по одним из следующих критериев:

      1) мероприятия, направленные на эстетическое и нравственное воспитание подрастающего поколения, повышение культурного и духовного уровня населения;

      2) мероприятия, направленные на развитие культуры и национальных традиций народов Казахстана;

      3) празднование государственно-политических мероприятий;

      4) мероприятия, направленные пропаганду лучших творческих достижении искусства республики и мировой культуры в стране и за рубежом;

      5) юбилейные и памятные даты событий отмечающиеся на республиканском уровне, имеющих общенародное историческое, духовное и культурное значение;

      6) юбилеи выдающихся, всенародно известных деятелей, внесших крупный вклад в развитие духовной культуры, становление и укрепление государства, видных деятелей науки и искусства.

      6. Тематические направления культурных мероприятий в области культуры в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств, определяются по одним из следующих критериев:

      1) мероприятия, связанные с созданием, возрождением, сохранением, охраной, развитием, распространением и использованием культурных и духовных ценностей, направленное на гармоничное развитие личности, воспитание патриотизма и удовлетворение эстетических потребностей и интересов каждого человека;

      2) мероприятия, направленные на пропаганду творческих достижении казахского народного музыкально-поэтического творчества, создание произведений современных композиторов, лучших образцов мировой культуры в стране и за рубежом.

      7. Тематические направления социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств, формируются в календарном плане социально значимых и культурных мероприятий уполномоченного органа.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31740 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9 бұйрығымен
бекітілген

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;

      2) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;

      3) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау тәртібі

      3. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына, "Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары ағымдағы күнтізбелік жылда тиісті жоспарлы кезеңге айқындалады.

      5. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың тақырыптық бағыттары мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады:

      1) өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеуге, халықтың мәдени және рухани деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар;

      2) Қазақстан халықтарының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін дамытуға бағытталған іс-шаралар;

      3) мемлекеттік-саяси іс-шараларды мерекелеу;

      4) елімізде және шетелде республика өнері мен әлемдік мәдениеттің үздік шығармашылық жетістіктерін насихаттауға бағытталған іс-шаралар;

      5) республикалық деңгейде атап өтілетін, жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi;

      6) рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.

      6. Қазақстан Республикасында және шет елдерде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады:

      1) тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған мәдени және рухани құндылықтарды құруға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға, патриотизмге тәрбиелеуге және әрбір адамның эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға байланысты іс-шаралар;

      2) мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара.

      7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары уәкілетті органмен әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында қалыптастырылады.