Об утверждении Правил назначения на должности и освобождения от должностей прокуроров и иных работников, за исключением должностей, назначаемых Президентом Республики Казахстан и (или) по согласованию с ним, а также с Администрацией Президента Республики Казахстан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 февраля 2023 года № 56. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2023 года № 31883.

      В соответствии с подпунктами 15), 22) статьи 9 Конституционного закона "О прокуратуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила назначения на должность и освобождения от должностей прокуроров и иных работников, за исключением должностей, назначаемых Президентом Республики Казахстан и (или) по согласованию с ним, а также с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      2. Департаменту кадрового развития Генеральной прокуратуры Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент кадрового развития Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
Б. Асылов

  Утвержден приказом
Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
от 8 февраля 2023 года № 56

ПРАВИЛА
назначения на должности и освобождения от должностей прокуроров
и иных работников, за исключением должностей, назначаемых Президентом
Республики Казахстан и (или) по согласованию с ним, а также с Администрацией Президента Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила назначения на должности и освобождения от должностей прокуроров и иных работников, за исключением должностей, назначаемых Президентом Республики Казахстан и (или) по согласованию с ним, а также с Администрацией Президента Республики Казахстан (далее – Правила), разработаны в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан "О прокуратуре".

      2. Настоящие Правила регулируют порядок назначения на должность и освобождения от должностей прокуроров и иных работников:

      1) Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Генеральная прокуратура);

      2) Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан (далее – Академия);

      3) Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) и его территориальных органов;

      4) Главной военной, Главной транспортной прокуратур, прокуратур областей и приравненных к ним прокуратур.

Глава 2. Основные понятия, используемые в Правилах

      3. В Правилах используются следующие понятия:

      1) иные работники – административные государственные служащие, военнослужащие рядового и сержантского составов, гражданские служащие;

      2) прокурор – гражданин Республики Казахстан, состоящий на службе в системе органов прокуратуры, которому присвоен классный чин или воинское звание офицерского состава.

Глава 3. Порядок назначения на должности и освобождения от должностей прокуроров и иных работников

      4. Занятие вакантной должности прокурора и освобождение от должности осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере воинской службы и правоохранительной службы.

      5. Занятие вакантной должности военнослужащего рядового и сержантского составов и освобождение от должности осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере воинской службы.

      6. Занятие вакантной должности административного государственного служащего и освобождение от должности осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере государственной службы.

      7. На должность прокурора и иного работника не может быть принято лицо, имеющее препятствия для прохождения службы в органах прокуратуры предусмотренных законами Республики Казахстан "О правоохранительной службе", "О государственной службе Республики Казахстан", "О воинской службе и статусе военнослужащих".

      8. Назначение и освобождение прокуроров и иных работников производится приказом:

      1) в Генеральную прокуратуру – руководителя органа прокуратуры (за исключением административных государственных служащих, которые назначаются приказом должностного лица, имеющего такое право в соответствии с должностными полномочиями, либо иным должностным лицом, которому делегированы эти полномочия);

      2) в Академию, Комитет и его территориальные органы, Главную военную и Главную транспортную прокуратуру, прокуратуры областей и приравненные к ним прокуратуры – уполномоченных руководителей (за исключением категорий должностей, назначаемых приказом Генерального Прокурора);

      3) начальников Управления материально-технического обеспечения при Генеральной прокуратуре, Хозяйственного управления при Генеральной прокуратуре – руководителя органа прокуратуры.

      9. Для проведения процедуры назначения руководителем структурного подразделения по согласованию с курирующим заместителем руководителя органа прокуратуры либо уполномоченного руководителя вносится представление с указанием деловых и личных качеств кандидата, мотивов и обоснования целесообразности назначения (за исключением лиц, принимаемых на службу на конкурсной основе и через первоначальную профессиональную подготовку в организации образования правоохранительных органов).

      10. Для освобождения от должности, вносится представление с указанием конкретных причин и мотивов предполагаемого освобождения (за исключением случаев освобождения от занимаемой должности в порядке дисциплинарного взыскания либо по собственному желанию).

      11. Приказом Генерального Прокурора назначаются:

      1) проректоры Академии;

      2) заместители председателя Комитета;

      3) первые заместители и заместители Главного военного, Главного транспортного прокуроров, первые заместители и заместители прокуроров областей и приравненных к ним прокуроров;

      4) районные и приравненные к ним прокуроры, военные и транспортные прокуроры.

      12. По согласованию с Генеральным Прокурором приказом уполномоченного руководителя назначаются:

      1) начальники территориальных органов Комитета;

      2) директора Институтов Академии.

      13. Для проведения процедуры согласования уполномоченным руководителем Генеральному Прокурору вносится представление о даче согласия при назначении на должности или освобождении от должностей руководящих должностных лиц, назначаемых по согласованию с Генеральным Прокурором.

      14. Представленные в Генеральную прокуратуру материалы по назначению на должность или освобождению от должности направляются в кадровое подразделение для изучения кандидата.

      15. При соответствии кандидата квалификационным требованиям к категориям должностей, сотрудников системы органов прокуратуры Республики Казахстан, утвержденных приказом Генерального Прокурора от 28 августа 2013 года № 90 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8780) кадровым подразделением материалы в течение семи рабочих дней с момента поступления представления направляются в подразделение внутренней безопасности для всестороннего изучения кандидата.

      Не позднее пяти рабочих дней с момента поступления документов подразделение внутренней безопасности направляет в кадровое подразделение мотивированное заключение.

      16. Итоги рассмотрения документов на кандидата докладываются кадровым подразделением Генеральному Прокурору для принятия окончательного решения.

      ___________________

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 8 ақпандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 31883 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 15), 22) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорларды және өзге де қызметкерлерді лауазымға тағайындау және лауазымдардан босату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 56 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату ҚАҒИДАЛАРЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорларды және өзге де қызметкерлерді лауазымға тағайындау және лауазымдардан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленген.

      2. Осы қағидалар прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін реттейді:

      1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура);

      2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының (бұдан әрі – Академия);

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының;

      4) Бас әскери, Бас көлік прокуратуралары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар.

2 тарау. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар

      3. Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) өзге де қызметкерлер – мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери қызметшілері, азаматтық қызметшілер;

      2) прокурор – прокуратура органдары жүйесінде қызметте тұрған, офицерлік құрамның сыныптық шені немесе әскери атағы берілген Қазақстан Республикасының азаматы.

3-тарау. Прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату тәртібі

      4. Прокурордың бос лауазымына орналасу және лауазымнан босату Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамаға және құқық қорғау қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Қатардағы және сержанттық құрамдар әскери қызметшісінің бос лауазымына орналасу және лауазымнан босату Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос лауазымына орналасу және лауазымнан босату Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Прокурор және өзге де қызметкер лауазымына "Құқық қорғау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген прокуратура органдарында қызмет өткеру үшін кедергілері бар адам қабылданбайды.

      8. Прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді тағайындау және босату бұйрықпен жүргізіледі:

      1) Бас прокуратураға – прокуратура органының басшысы (лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның не осы өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адамның бұйрығымен тағайындалатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда);

      2) Академияға, Комитетке және оның аумақтық органдарына, Бас әскери және Бас көлік прокуратурасына, облыстардың прокуратураларына және оларға теңестірілген прокуратураларға – уәкілетті басшыларға беріледі (Бас Прокурордың бұйрығымен тағайындалатын лауазымдар санаттарын қоспағанда);

      3) Бас прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Бас прокуратура жанындағы Шаруашылық басқармасының бастықтары – прокуратура органының басшысы.

      9. Құрылымдық бөлімшенің басшысы тағайындау рәсімін жүргізу үшін прокуратура органы басшысының жетекшілік ететін орынбасарының не уәкілетті басшының келісімі бойынша кандидаттың іскерлік және жеке қасиеттерін, тағайындаудың мотивтері мен негіздемелерін көрсете отырып (конкурстық негізде және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіптік даярлау арқылы қызметке қабылданатын адамдарды қоспағанда) ұсыныс енгізеді.

      10. Лауазымнан босату үшін болжамды босатудың нақты себептері мен мотивтері көрсетіле отырып (тәртіптік жаза тәртібімен не өз қалауы бойынша атқаратын лауазымынан босату жағдайларын қоспағанда) ұсыныс енгізіледі.

      11. Бас Прокурордың бұйрығымен тағайындалады:

      1) Академия проректорлары;

      2) Комитет төрағасының орынбасарлары;

      3) Бас әскери, Бас көлік прокурорларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;

      4) аудан және оларға теңестірілген прокурорлар, әскери және көлік прокурорлар.

      12. Бас Прокурордың келісімі бойынша уәкілетті басшының бұйрығымен тағайындалады:

      1) Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары;

      2) Академия институттарының директорлары.

      13. Келісу рәсімінжүргізу үшін уәкілеттібасшы Бас Прокурорға Бас Прокурордың келісімі бойынша тағайындалатын адамдарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату кезінде келісім беру туралы ұсыныс енгізеді.

      14. Бас прокуратураға ұсынылған материалдар лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату бойынша кадр бөлімшесіне үміткерді зерттеу үшін жіберіледі.

      15. Үміткер (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8780 тіркелген) Бас Прокурордың 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кадр бөлімшесі материалдарды ұсыныс келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде үміткерді жан-жақты зерделеу үшін ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне жібереді.

      Құжаттар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ішкі қауіпсіздік бөлімшесі дәлелді қорытындысын кадр бөлімшесіне жібереді.

      16. Үміткерге қатысты құжаттарды қарау қорытындылары түпкілікті шешім қабылдау үшін Бас Прокурорға кадр бөлімшесімен баяндалады.