О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2016 года № 127-нқ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан" и от 18 апреля 2018 года № 157 "Об утверждении Правил определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора и Перечня субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 февраля 2023 года № 26. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 марта 2023 года № 32002.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в приказе Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2016 года № 127-нқ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13829):

      в Правилах применения поощрения государственных служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Также возможно поощрение почетной грамотой Министерства и благодарственным письмом Министра сотрудников местных исполнительных органов, занимающихся реализацией государственной политики в сферах экономики, анализа и мониторинга экономических показателей в регионах, регулирования естественных монополий, безупречно проработавших в данных органах не менее десяти лет по представлению акимов областей и городов Астана, Алматы и Шымкент, а также ветеранов системы государственного планирования Казахской Советской Социалистической Республики, Государственного комитета экономики Казахской Советской Социалистической Республики.";

      2) Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 31.07.2023 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра национальной экономики РК от 31.07.2023 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту политики управления обязательствами государства и развития финансового сектора в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
А. Куантыров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 25 мамырдағы №127-нқ және "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 32002 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 127-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13829 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша экономика, өңірлердегі экономикалық көрсеткіштерді талдау және мониторингтеу, табиғи монополияларды реттеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысатын, осы органдарда кемінде он жыл мінсіз қызмет атқарған жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік экономика комитетінің ардагерлерін Министрліктің құрмет грамотасымен, Министрдің алғыс хатымен көтермелеуге болады.";

      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.07.2023 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.07.2023 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі