О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 марта 2021 года № 262 "Об утверждении Правил и условий применения освобождения от налога на добавленную стоимость при импорте товаров, по которым изменен срок уплаты косвенных налогов и исполнены требования"

Приказ и.о. Заместителя Премьер-Министра - и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 309. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2023 года № 32173

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 марта 2021 года № 262 "Об утверждении Правил и условий применения освобождения от налога на добавленную стоимость при импорте товаров, по которым изменен срок уплаты косвенных налогов и исполнены требования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22430) следующее изменение:

      в Правилах и условиях применения освобождения от налога на добавленную стоимость при импорте товаров, по которым изменен срок уплаты косвенных налогов и исполнены требования, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "1) заявление на корректировку (в произвольной форме) ДТ по товарам, предназначенным для дальнейшего экспорта на территорию государств-членов ЕАЭС, в части изменения способа оплаты с отсрочки платежа на освобождение от уплаты НДС;".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Заместителя Премьер-Министра -
И.о. Министра финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

"Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32173 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22430 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидаларында мен шарттарында:

      3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ҚҚС төлеуден босатуға төлемді кейінге қалдыра отырып төлеу тәсілін өзгерту бөлігінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттауға арналған тауарлар бойынша ТД түзетуге арналған өтініш (еркін нысанда);".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев