О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-335/2020 "Об утверждении правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2023 года № 61. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 апреля 2023 года № 32266

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-335/2020 "Об утверждении правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22006) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 34) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников, утвержденных приложением к указанному приказу:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 34) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок их применения.";

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. Допускается применение ТС в кабинете забора крови пункта забора и приема биологического материала при условии получения письменного или электронное информированного согласия пациента или его законного представителя на фото или видео запись и последующее использование его изображений.

      При заключении трудового договора между медицинским работником и медицинской организацией оформляется письменное или электронное информированное согласие медицинского работника на фото или видео запись и последующее использование его изображений при применении ТС в местах расположения, согласно пункту 4 настоящих Правил.

      Письменное или электронное информированное согласие оформляется в произвольной форме.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Применение ТС исключает их нахождение в помещениях личной гигиены, процедурных и манипуляционных кабинетах, операционных блоках, за исключением случаев, предусмотренных в пункте 8-1 настоящих Правил.".

      2. Департаменту развития электронного здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

"Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейне аппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32266 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейне аппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды қолдану тәртібін анықтайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің фотосуретке немесе бейнеге жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісімін алған жағдайда биологиялық материалды алу және қабылдау пунктінің қан алу кабинетінде ТҚ-ны қолдануға және оның бейнелерін кейіннен пайдалануға жол беріледі.

      Медициналық қызметкер мен медициналық ұйым арасында еңбек шартын жасасу кезінде медициналық қызметкердің фотосуретке немесе бейнежазбаға немесе электрондық түрде хабардар етілген келісімі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес орналасқан жерлерінде ТҚ қолданған кезде оның бейнелерін жазу және кейіннен пайдалану ресімделеді.

      Жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісім еркін нысанда ресімделеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ТҚ қолдану осы Қағидалардың 8-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың жеке гигиена үй-жайларында, ем-шара және манипуляциялық кабинеттерде, операциялық блоктарда ТҚ қолдануға рұқсат етілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният