О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 521 "Об утверждении типовых договоров между перевозчиком и экспедитором об организации перевозок грузов железнодорожным транспортом"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 апреля 2023 года № 243. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 апреля 2023 года № 32313

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 1 января 2024 года действие:

      1) пункта 9 типового договора перевозчика и экспедитора при осуществлении перевозок грузов железнодорожным транспортом по территории Республики Казахстан в международном транзитном сообщении через Республику Казахстан, утвержденного приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 521 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19082) (далее – Приказ № 521), установив, что в период приостановления данный структурный элемент действует в следующей редакции:

      "9. Экспедитор производит предварительную оплату Перевозчику денежных средств, достаточных для оплаты провозных платежей деньгами в национальной валюте Республики Казахстан – тенге, на расчетный счет Перевозчика, указанный в подпункте _ пункта __ настоящего Договора.

      Достаточной суммой для оплаты провозных платежей является сумма не менее размера четырехсуточной провозной платы. Данная сумма рассчитывается от фактической суммы провозной платы за перевозку грузов в международном транзитном сообщении через Республику Казахстан за предыдущие 2 (два) месяца.

      Учет поступающих от Экспедитора оплаты осуществляются в финансовой системе Перевозчика с отражением информации движения в Личном кабинете Экспедитора.

      Списание средств за перевозки в международном транзитном сообщении через Республику Казахстан осуществляется с ЕЛС Экспедитора на основании "Перечней выполненных работ, оказанных услуг", и размещаются в Личном кабинете Экспедитора. Окончательные расчеты с Экспедитором по транзитным перевозкам производятся по перевозочным документам, поступившим от выходного МГСП.";

      2) пункта 11 типового договора перевозчика и экспедитора при осуществлении перевозок грузов железнодорожным транспортом по территории Республики Казахстан в международном транзитном сообщении через Республику Казахстан, утвержденного Приказом № 521, установив, что в период приостановления данный структурный элемент действует в следующей редакции:

      "11. При возникновении препятствий к продвижению груза Перевозчик в течение 3 (трех) часов с возникновения таких препятствий уведомляет станцию отправления, станцию назначения, экспедитора.

      Направленное Перевозчиком в адрес Экспедитора уведомление является основанием для списания дополнительных сборов, штрафов, пени с ЕЛС Экспедитора, при этом Перевозчик указывает время начала задержки вагона/контейнера, исчисляемое с момента направления уведомления Экспедитору в акте общей формы ГУ-23 согласно приложению 9 к Правилам перевозок грузов железнодорожным транспортом утвержденных Приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19188).

      Перевозчик в течении 30 (тридцати) календарных дней с даты возникновения препятствия представляет подтверждающие документы.

      При несогласии с размером списанных Перевозчиком в ЕЛС сумм дополнительных сборов, штрафов, пени, Экспедитор оспаривает в претензионном порядке согласно статье 89 Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте".

      Перевозчик рассматривает претензию Экспедитора в течение 1 (одного) календарного месяца со дня ее получения и возвращает излишне списанную сумму и/или предоставляет отказ в соответствии со статьей 91 Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте".".

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев

"Тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 32313 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19082 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 521 бұйрық) Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шартының 9-тармағы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы құрылымдық элемент мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "9. Экспедитор Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төлеу үшін жеткілікті төлемді осы Шарттың ______ тармағының ________ тармақшасында көрсетілген Тасымалдаушының есеп айырысу шотына алдын ала төлеуді жүргізеді.

      Тасымалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті сомасы төрт тәуліктік тасымалдау ақысының мөлшерінен кем емес сома болып табылады. Бұл сома өткен 2 (екі) ай үшін Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдау үшін тасымалдау ақысының нақты сомасынан есептеледі.

      Экспедитордан түсетін төлемді есепке алу Экспедитордың жеке кабинетінде төлем қозғалысының ақпаратын көрсете отырып, Тасымалдаушының қаржы жүйесінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста тасымалдау үшін қаражатты есептен шығару экспедитордың жеке кабинетінде орналастырылатын "Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбелері" негізінде жүзеге асырылады. Экспедитормен транзиттік тасымалдар бойынша түпкілікті есеп айырысулар МАТП шығу жолынан түскен тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі.";

      2) № 521 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шартының 11-тармағы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы құрылымдық элемент мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "11. Жүкті ілгерілетуге кедергілер туындаған кезде тасымалдаушы мұндай кедергілер туындағанан бастап 3 (үш) сағат ішінде жөнелту станциясын, межелі станцияны, экспедиторды хабардар етеді.

      Тасымалдаушы экспедитордың атына жіберген хабарлама экспедитордың БЖШ-дан қосымша алымдарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды есептен шығару үшін негіз болып табылады, бұл ретте тасымалдаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) 9-қосымшаға сәйкес ГУ-23 жалпы нысандағы актіде вагонды/контейнерді кідіртудің басталу уақытын көрсетеді, ол экспедиторға хабарлама жіберілген сәттен бастап есептеледі.

      Тасымалдаушы кедергі туындаған күннен бастап 30 күн ішінде растайтын құжаттарды ұсынады.

      Тасымалдаушымен БЖШ есебінен шығарылған қосымша алымдардың, айыппұлдардың, өсімпұлдардың мөлшерімен Экспедитор келіспесе, "Теміржол туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабына сәйкес наразылық тәртібімен талап қоюға құқылы.

      Бұл ретте тасымалдаушы экспедитордың шағымын оны алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде қарайды және артық есептен шығарылған соманы қайтарады және/немесе "Теміржол туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 91-бабына сәйкес қайтарудан бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев