О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 20 апреля 2023 года № 402. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 апреля 2023 года № 32337.

      Примечание ИЗПИ!
      Приказ утрачивает силу приказом Министра финансов РК от 09.10.2024 № 687 (вводится в действие с 01.01.2025).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12590) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах осуществления государственных закупок, утвержденных указанным приказом:

      пункт 52 изложить в следующей редакции:

      "52. Сведения органов государственных доходов, обновляются на веб-портале за последний рассчитываемый год трехлетнего периода один раз в течение календарного года не позднее 1 октября, предшествующего году применения данных сведений, за исключением случаев объединения на веб-портале показателей финансовой устойчивости реорганизованного юридического лица (правопреемника) путем слияния, присоединения.

      При этом, обновление показателей финансовой устойчивости реорганизованного юридического лица (правопреемника) осуществляется при условии соответствия основного вида деятельности реорганизуемых юридических лиц в течение последних 12 (двенадцати) месяцев на первом уровне (секции) структуры общего классификатора видов экономической деятельности.

      Сведения органов государственных доходов такого реорганизованного юридического лица (правопреемника) обновляются на веб-портале на основании обращения потенциального поставщика.";

      дополнить пунктом 94-1 следующего содержания:

      "94-1. Заявка потенциального поставщика о внесении в электронный депозитарий сведений и документов, подтверждающих опыт работы, полученный в результате реорганизации путем слияния, присоединения и преобразования рассматривается ведомством уполномоченного органа и его территориальными подразделениями, после обновления (объединения) на веб-портале показателей финансовой устойчивости реорганизуемых юридических лиц.";

      дополнить пунктами 245-1 и 245-2 следующего содержания:

      "245-1. Опыт работы потенциального поставщика, полученный в результате реорганизации путем слияния, присоединения и преобразования, помимо документов, указанных в настоящих Правилах, подтверждается потенциальным поставщиком посредством веб-портала на основе сведений о реорганизации таких лиц, полученных с информационной системы уполномоченного государственного органа по регистрации юридических лиц.

      245-2. Для целей настоящих Правил опыт работы реорганизованного юридического лица не вносится в электронный депозитарий, а также не учитывается при расчете критериев, влияющих на конкурсное ценовое предложение, при наличии одного из следующих случаев:

      1) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате реорганизации путем разделения или выделения из другого юридического лица;

      2) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате нескольких последовательных видов реорганизации (разделение, выделение, слияние, присоединение, преобразование);

      3) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате реорганизации юридических лиц (слияние, присоединение, преобразование), где одно из реорганизуемых юридических лиц имеет ограничения, предусмотренные подпунктами 3), 4), 5) и 6) пункта 1 статьи 6 Закона;

      4) если заявленный опыт работы потенциального поставщика получен в результате реорганизации юридических лиц (слияние, присоединение, преобразование), где одно из реорганизуемых юридических лиц лишено лицензии (разрешения) на осуществление видов деятельности, соответствующей предмету государственных закупок.".

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 32337 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқық мирасқорының) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін біріктіру, қосу жолымен веб-порталда біріктіру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін күнтізбелік жыл ішінде бір рет осы мәліметтер қолданылған жылдың алдындағы 1 қазаннан кешіктірілмей веб-порталда жаңартылады.

      Бұл ретте, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқықтық мирасқордың) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін жаңарту экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші құрылымының бірінші деңгейінде (секциясында) соңғы 12 (он екі) ай ішінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

      Осындай қайта ұйымдастырылған заңды тұлға (құқықтық мирасқор) туралы мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда әлеуетті өнім берушінің өтініші негізінде жаңартылады.";

      мынадай мазмұндағы 94-1-тармақпен толықтырылсын:

      "94-1. Әлеуетті өнім берушінің бірігу, қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы өтінімін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін веб-порталда жаңартқаннан (біріктіргеннен) кейін қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 245-1 және 245-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "245-1. Бірігу, қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі әлеуетті өнім берушімен осы Қағидаларда көрсетілген құжаттардан басқа, заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіннен алынатын осындай тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер негізінде веб-портал арқылы расталады.

      245-2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жұмыс тәжірибесі мынадай жағдайлардың бірі болған кезде электрондық депозитарийге енгізілмейді, сондай-ақ конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді:

      1) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі басқа заңды тұлғадан бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырудың бірнеше реттілікті түрлері (бөлу, бөліп шығару, біріктіру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса;

      3) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі заңды тұлғалардың қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, мұнда қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінде Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулері бар болса;

      4) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырудың (бiрiктiру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, мұнда қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірі мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясынан (рұқсатынан) айырылған болса.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев