О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг, по которым частично возмещаются затраты по их продвижению на внешние рынки"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 297-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 августа 2023 года № 33208

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 314-НҚ "Об утверждении Правил возмещения части затрат субъектов промышленно-инновационной деятельности по продвижению отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг на внешние рынки в рамках принятых международных обязательств, перечня отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, а также информационно-коммуникационных услуг, по которым частично возмещаются затраты по их продвижению на внешние рынки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28994) следующие дополнения:

      Перечень отечественных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, по которым частично возмещаются затраты по их продвижению на внешние рынки, утвержденный указанным приказом:

      дополнить строками, порядковые номера 4950, 4951, 4952, 4953 и 4954 следующего содержания:

      "

4950

140190

Прочие материалы растительного происхождения, используемые главным образом для плетения (ситник,ива,рафия,очищенная,отбеленная или окрашенная солома зерновых и липовая кора), кроме ротанга и бамбука

Нижний

4951

140490

Материалы растительного происхождения прочие, в другом месте не поименованные и не включенные

Нижний

4952

250300

Сера гранулированная

Нижний

4953

271019

Прочие дистилляты и продукты

Нижний

4954

271311

Кокс нефтяной некальцинированный

Нижний

      ".

      2. Департаменту продвижения экспорта Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 297-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 тамызда № 33208 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 4950, 4951, 4952, 4953 және 4954 жолдарымен толықтырылсын:

      "

4950

140190

Ротанг пен бамбуктен басқа, негізінен өрім үшін пайдаланылатын өсімдік тектес өзге де материалдар (елекшөп, тал, рафия, тазартылған, ағартылған немесе боятылған дәнді қамыс және жөкенің қабығы)

Төменгі

4951

140490

Басқа жерде аталмаған және енгізілмеген өсімдік тектес өзге де материалдар

Төменгі

4952

250300

Түйіршіктелген күкірт

Төменгі

4953

271019

Өзге де дистилляттар мен өнімдер

Төменгі

4954

271311

Кальцийленбеген мұнай коксы

Төменгі

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі