О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 7 августа 2023 года № 249. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2023 года № 33259

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      2. Комитету среднего образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 7 августа 2023 года № 249

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 июля 2009 года № 338 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей педагогов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5750) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 78) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Типовых квалификационных характеристиках должностей педагогов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Типовые квалификационные характеристики должностей педагогов разработаны в соответствии с подпунктом 78) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и обязательны для применения организациями дошкольного, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального (послесреднего), специального, специализированного, дополнительного образования независимо от формы собственности, ведомственной подчиненности и организационно-правовой формы.".

      2. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 95 "Правила организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13420) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 82) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила организации и проведения курсов повышения квалификации педагогов, а также посткурсового сопровождения деятельности педагога (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 82) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок организации, проведения курсов повышения квалификации, а также порядок организации, проведения посткурсового сопровождения деятельности педагогов.".

      3. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 145 "Об утверждении Перечня должностей педагогов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20400) следующее изменение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога" ПРИКАЗЫВАЮ:".

      4. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 175 "Об утверждении Правил разработки, согласования и утверждения образовательных программ курсов повышения квалификации педагогов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20567) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 83) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах разработки, согласования и утверждения образовательных программ курсов повышения квалификации педагогов, утвержденные приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила разработки, согласования и утверждения образовательных программ курсов повышения квалификации педагогов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 83) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок разработки, согласования и утверждения образовательных программ курсов повышения квалификации педагогов (далее - Программа).".

      5. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 ноября 2021 года № 559 "Об утверждении Правил проведения ротации первых руководителей государственных организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25128) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил проведения ротации первых руководителей государственных организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 80) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 приказа изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые правила проведения ротации первых руководителей государственных организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования.";

      заголовок Правил проведения ротации первых руководителей государственных организаций образования изложить в следующей редакции:

      "Правила проведения ротации первых руководителей государственных организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования";

      в Правилах проведения ротации первых руководителей государственных организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила проведения ротации первых руководителей государственных организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 80) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее - Закон) и определяют порядок проведения ротации первых руководителей государственных организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования (далее - первые руководители).".

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 тамызда № 33259 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 249 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) мынадай өзгерістертер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 78) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық нысаны бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының қолдануы үшін міндетті.".

      2. "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 82) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 82) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау тәртібін айқындайды.".

      3. "Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".;

      4. "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20567 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 83) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін айқындайды.".

      5. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын (бұдан әрі – бірінші басшылар) ротациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.".