О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ "О некоторых вопросах Государственной молодежной премии "Дарын"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 8 сентября 2023 года № 366-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 сентября 2023 года № 33400

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 271-НҚ "О некоторых вопросах Государственной молодежной премии "Дарын" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33016) следующие изменения:

      в Правилах присуждения Государственной молодежной премии "Дарын", утвержденных указанным приказом:

      абзац второй пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "На первом этапе в целях всестороннего рассмотрения создаются 6 (шесть) секций из числа членов Комиссии по направлениям: "Эстрада, классическая музыка, народное творчество", "Литература, театр и кино", "Журналистика и креативные инициативы", "Спорт", "Дизайн и изобразительное искусство", "Наука".";

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Уполномоченный орган на основании решения Комиссии до 10 декабря года присуждения премии принимает приказ о присуждении премии.

      15. Приказ о присуждении премии публикуется в средствах массовой информации и на интернет-ресурсе уполномоченного органа ко Дню Независимости.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Премии вручаются в торжественной обстановке, церемония награждения приурочивается ко Дню Независимости.

      Уполномоченный орган в срок не позднее 20 (двадцатого) декабря соответствующего года перечисляет денежное вознаграждение на банковский счет лауреата премии.";

      приложение 2 к указанному приказу изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам молодежи и семьи Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 8 сентября 2023 года № 366-НҚ
  Приложение 2 к приказу
Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 1 июля 2023 года № 271-НҚ

Номинации Государственной молодежной премии "Дарын"

      Государственная молодежная премия "Дарын" присуждается по следующим номинациям:

      1. Литература;

      2. Наука;

      3. Дизайн и изобразительное искусство;

      4. Журналистика;

      5. Классическая музыка;

      6. Креативные инициативы;

      7. Спорт;

      8. Театр и кино;

      9. Эстрада;

      10. Народное творчество.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 366-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 33400 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің арасынан "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "Журналистика және креативті бастамалар", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Ғылым" бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган Комиссия шешімі негізінде сыйлықты беру жылының 10 желтоқсанға дейін сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.

      15. Сыйлықты беру туралы бұйрық Тәуелсіздік күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сыйлықтар салтанатты түрде беріледі, марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күніне орайластырылады.

      Уәкілетті орган тиісті жылдың 20 (жиырмасыншы) желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрі
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 366-НҚ бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
2-қосымша

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:

      1. Әдебиет;

      2. Ғылым;

      3. Дизайн және бейнелеу өнері;

      4. Журналистика;

      5. Классикалық музыка;

      6. Креативті бастамалар;

      7. Спорт;

      8. Театр және кино;

      9. Эстрада;

      10. Халық шығармашылығы.